ҚАЗАҚСТАНДА 4 МАМЫРДАН БАСТАП ТІРШІЛІК ЖАНДАНАДЫ!

447

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады. Мұндай шешім ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Рейстер қандай жағдайда жүзеге асырылады:

санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен;

аз жолаушылармен;

салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы.
Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
4 мамырдан бастап мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша:
Азық-түлік сатпайтын, аумағы 500 шаршы метрге дейінгі дүкендер ашылады. Жұмыс уақыты 17:00 – ге дейін
Фотосалондар, Гүл сататын дүңгіршектер
Шаштараздар (Жазылу бойынша)
Медициналық орталықтар (Жазылу бойынша)
Стоматологиялық клиникалар (Жазылу бойынша)
Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істейтін компаниялар. Жарнама агенттіктері. Адвокаттар. Нотариустар
Микроқаржылық ұйымдар, Сақтандыру компаниялары, Ломбардтар, Ақша айырбастау пунктілері
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары өз жұмысын бастайды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *