Облыс әкімі халық композиторымен кездесті

106

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевпен кездесті — деп хабардайды kazgazeta.kz  Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бір ғана «Ерке сылқым» күйінің өзі Әбдімомын Желдібаев есімінің дәстүрлі музыка өнерінің тарихында мәңгілікке қалуына, халық композиторының шын мәнінде даңқы асқақтап тұруына жеткілікті еді. Бірақ ол бұл тамаша туындысынан басқа да 70-тен астам күйлер мен әнді өмірге алып келді. Оның  «Арман құстары», «Абай Арманы», «Жамбыл толғауы» және басқа да керемет шығармалары тыңдармандардың жүрек төрінен орын алған. Композитор туындыларынан  Ұлы дала перзентерінің кең әрі таза болмысы, асқақ рухы, еркіндікті сүйетін дархан мінезі көрініс тауып отырады.

Аймақ басшысы композитордың үйіне арнайы ат басын бұрып, онда Әбдімомин Желдібаевтың шығармашылық жоспарлары, өнер туралы ашық-жарқын сұхбат құрды.

Сіздің қазақтың ұлттық  өнерін дамытуға қосқан еңбегіңіз орасан. Күйлеріңіз бен әндеріңіз тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдердің саханаларын орындалып жүр. Сіз секілді бірегей талаттардың арқасында әлем біздің халқымыздың бай мәдениетімен танысып, рухани құндылықтарынан хабардар болады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өзара әңгімелесу барысында Әбдімомын Желдібаев өңірдің өркендей түсуі жолында игі істердің, жағымды жаңалықтардың әлі де мол боларына сенім білдірді.

Өз кезегінде облыс әкімі композиторға шығармашылық табыс тілеп, жоғары құрметтің белгісі ретінде иығына шапан жапты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *