ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА 800 ТОННА ҰН ЖІБЕРДІ

495

Еліміз гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға 800 тонна ұн жіберді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Жүк барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақтала отырып, теміржол арқылы 12 вагонмен жеткізілді. Көмек ең алдымен мұқтаж жандарға беріледі. Бұл — Қырғыз еліне көрсетілетін гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінде Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн АҚШ долларынан астам қаражатқа 5 мың тонна ұн бөлу туралы шешім қабылдаған. Қырғыз тарапы көрсетілген көмекті жоғары бағалап, Қазақстанға ризашылығын білдірді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *