Алматы облысының Жаркент қаласында карантин енгізіледі

117

Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының 1 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пациент Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *