Алматы облысының Заречный ауылы карантинге жабылды

144

Фото: liter.kz

Алматы облысы Қапшағай қаласының Заречный кентіне карантин режимі енгізілді.

Бүгін, сағат 13.20-дағы соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 68 адам анықталды. Оның ішінде 13 науқас Алматы облысының Қапшағай қаласында тіркелді. Олардың 5-еуі Қапшағай қаласында, 6-ауы Заречный ауылында анықталса, 2-еуі – Атыраудан жеткізілген «Теңізшевройл» ЖШС-ның вахталық жұмысшылары. Ауырғандардың үлкені 62 жаста болса, кішісі — 9 айлық бала. Осы күнге дейін Қапшағай өңірінде жалпы саны 15 адам тіркеліп отыр. Осыған байланысты Қапшағай қалалық штабтың шешімімен Заречный кентіне бүгіннен бастап карантин режимі енгізілді. «Анықталған науқастардың барлығы тиісті ем алу үшін медицина мамандарының бақылауына алынды. Олармен байланыста болған 187 адам анықталды, оның 24-і – жақын байланыс жасағандар, 163-і – сырттай қарым-қатынаста болғандар. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде», — делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *