Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары

113

Тіл – қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу үшін қолданады. Тіл – конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе саналады.

Грамматика – дыбыстар құрамынан тұратын сөздерді тілдік қарым-қатынас құралына айналдыратын ережелер жиынтығы. Тіл үйретуде грамматика тек осы тұрғыдан оқытылғанда ғана оқытушы өз мақсатына жетеді. Сол себепті грамматиканы сөйлеу әрекетімен біртұтас құбылыс деп қарау қажет. Оны сөзден және басқа тілдік бөлшектерден бөліп оқыту  нәтиже бермейді, грамматикалық материалдарды сөйлеу құралдарымен бірге меңгермеген оқушы сол тілде сөйлеуді де ешуақытта үйренбейді. Басқа ұлт тілінде пікірлесу үшін лексикалық минимум мен грамматикалық минимумды (сөз бен грамматиканы) қатар меңгеру керек. Сөйлеу кезінде бұлардың бірінсіз бірінің мәні жоқ.

Қазақ тіл білімі қай бағыттағы зерттеуде болсын ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бұл орайда этнолигвистика, лингвомәдениеттану салалары бойынша Ә.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, стилистикадан Р.Сыздық, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Тілдің жүйелі-құрылымдық жағы А.Ысқақов, Қ.Есенов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Н.Оралбаева, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ш.Сарыбаев, М.Оразов, К.Хұсайын, Т.Сайрамбаев, Ә.Жүнісбек, Б.Қалиев, Н.Уәли, Б.Сағындықов, Б.Қасым еңбектерінде көрініс тапса, З.Ахметжанова, А.Жұбанов, Т.Абдығалиева, Ж.Жакупов, Қ.Рысалды, З.Ерназарова, Қ.Есенова, Д.Әлкебаева зерттеулерінде функционалды, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік аспектіден қарастырылған. Қазіргі кезеңде қазақ тіл білімінде ең актуалды проблемалардың бірі − тілдік жүйенің функционалдылық механизмін зерттеу. Мұның өзі функционалды грамматиканың негізін қалауға үлкен әсер етті.

Функционалды грамматиканың негізін қалауға көп еңбек еткен алыс және жақын шетел басылымдары болғанын айта кету керек. Функционалды стилистиканың негіздерінің қалануына Пермь мектебінің зерттеушілерінің етіс категориясына функционалдық тұрғыдан назар аударуы тікелей себепкер болды. Етіс категориясын функционалдық тұрғыдан қарастыру оның алдындағы жеке ғылыми зерттеулердің ғылыми көзқарастар нәтижесінен жалпы функционалдылық термині толық тұрақтана бастады. Функционалды грамматиканы зерттеуші ғалымдар осы саланың ғылыми салаға ілігуінің басты ғылыми концепцияларына негіз болған ғылыми еңбектердің зор маңызын әркез атап көрсеткен. Олардың қатарында ең бастылары саналатын Ф.Брюнд – «Тіл және әлем» (1922) еңбегі мен О.Есперсеннің «Философия грамматикасы» (1924) еңбектерінің жалпы функционалды грамматика үшін маңызы орасан зор. Сонымен қатар функционалдық талдауға негізделген тілдік функцияның алғашқы жеке жанама концепцияның ұсынған копенгагендік лингвистикалық үйірменің тілдік талдаудың да қосқан үлесі де аз болған жоқ. Белгілі ғалымдар Г.Гийоманың сөйлеу сәтіндегі тіл функционалдығын басшылыққа алынған еңбек те маңызды. Осы салаға қатысты жазылған еңбектердің ішінде тілді функционалдық тұрғыдан қарастыруды назарға алып, ғылыми айналымға ендіруге негіз болған ғылыми зерттеулердің қатарына француз мектебінің өкілі А.Мартини тағы басқа ғалымдардың да ғылыми ұстанымдары негіз болды. Олар тіл функциясының коммунативтік аспектіде қарастыруға тікелей көңіл бөлген болатын. Бұл ғылыми ұстанымдардың да функционалды грамматиканың негізінің қалануына ықпал еткен әрі осы бағытқа қосылған жаңалық.

Функционалдық грамматиканың өзіндік теориясын А.Бондарко дамытты. Аталған теорияның орталық түсінігі фунуционалды-семантикалық өріс. Бұл нақты семантикалық категориялармен келісіліп, атқару қызметтерінің жалпылығының негізіне біріккен тілдік бірліктердің, категориялар мен басқа құбылыстардың жүйесі.

Функционалдық грамматиканың негізінің қалануына О.Есперсен зерттеулері мен басқа да ғалымдардың еңбектерінің игі ықпалы болды. Функционалды грамматиканың теориялық негізін қалап әрі дамытқан грамматиканы бірнеше ғылым салаларымен атап айтқанда, психологиялық, типологиялық және прагматикалық түрлері жайында айтқан С.Дик еді. Ал алғаш рет «мағыналық категория» терминін ғылыми айналымға ендіріп О.Есперсен қолданды.

Ал қазақ әдеби тілінің грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына қазақ ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов үлкен еңбек сіңірді. Ғалымдардың еңбектерінде функционалдылық бағыттың негізі қаланды. Бұл бағыттардың ортақ идеясы адамдық факторды басты қағида етіп ала отырып, ақиқаттың тілдік концепциялары мен субьектілік концепцияларды ақиқат ретінде тану мәселелерінің ерекше моделін жасауды басты ұстаным етіп алады. Тілді қолдануда адамдық фактор қоршаған шындық өмірдің ақикатын тануға арналған сөйлеу әрекетінде ақыл-ой санасымен тілдің граматикалық заңдылықтары арқылы сөз түзеді. Осы сөз түзілісінде айтушының белгілі ақиқат ұстаным түсініктерінің мазмұны қалыптасады. Ең басты ескеретін нәрсе, грамматикалық заңдылықты негізге ала отырып, айтушы мен қабылдаушының сыртқы фактормен тілдің ішкі субстанционалдық қасиеттерінен грамматикалық функцияның аспектілерін толық айқындауға мүмкіндік болатыны анықталды. Тілдің құрылымдық жүйесінен түрлі аспектіде қаралуы функционалды грамматикалық негізіне бағыт берді. Сондықтан функционалды грамматика әр түрлі аспектіде қарастырыла бастады. Қазақ тіл ғылымында да бұл ғылыми пікір өте ерте айтылан. Сонау өткен ғасырдың 50-шы жылдары қазақтың белгілі ғалымы С.Аманжолов: «Енді көп сөздер бір-бірімен ойлау жүйесі жағынан қалай байланысады, соны әңгіме қылмақпыз. Ескі грамматикадағы логистер сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысын қарауы,тек формальді логиканың заңы бойынша еді. Сондықтан сыртқы тұлға мен ішкі мазмұн қайшылықтары мүлде айтылмаушы еді. Бұл мәселені шамамыз келгенше, диалектиканың заңдарына сүйене отырып қарап шығуды мақсат еттік» деген болатын. Тілдің көп функционалдығы адамдық фактордың логикасымен, танымдық білімі мен сөз «әрекетінің» құзыреттілігін өзара бірлікте қалыптастырудың алғышартының негізгі өзегінен тарайды. Тілдің функционалдығын толық тану оның көп жүйелілік қызметінің мәнін анықтау үшін тіл білімінің өз ішіндегі салаларымен және гуманитарлық білім бағыттарымен біртұтас, үздіксіз бір байланыста қарастыруды қажет әрі талап етеді.

Тілді зерттеудегі классикалық дәстүрлі немесе құрылымдық грамматика айтушының ойлауын және тілден тысқары факторларды ескермеді. Тілді айтушы мен оған ықпал ететін факторлар арқылы қарастыру тілдің функционалдығын әрі мағыналық өрісін анықтауға тікелей ықпал етті.

Ежелгі грамматикалық категориялардың негізі бастауын логикадан бастау алғаны белгілі. Сондықтан тіл функционалдылығын зерттеушілерде осы негізді басты қағида ретінде алады. Олай болса, логикалық тұжырымдар мен нәтижелер барлық адамзатқа тән болғандықтан барлық тілде түзілетін грамамтикалық заңдылықтар барша халыққа тән құбылыс саналады. Тілдік категориялар әр халықтың өз тілінің грамматикалық жүйесіне бағынып, өзінше тілдік заңдылық ретінде көрініс табады. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі ұғымдарына мен категориялары туралы, функционалды грамматиканы зерттеудегі басқа ғылым салаларымен байланысына қатысты ғылыми зерттеулер соңғы уақытқа біршама жазылды. Олардың алғашқыларына Е.Жанпейісовтің қызметтік грамматиканың бастау ұғымдарына арналған еңбегін атап өту керек.

Қазақ және орыс тілінің функционалдығын зерттеген еңбектердің қатарына З.Ахметжанова, С.Құнанбаева, А.Салқынбай функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы зерттеулерінің айтарлықтай маңызы бар. Басқа да ғалымдар осы саланың негізгі ұғымдары мен категориялары туралы функционалды-коммуникативтік табиғаты, жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасы мен қызметі туралы еңбектерін атаған жөн. Олардың қатарына Қ.Рысалды Б.Қапалбеков, Б.Шалабай, Т.Әбдіғалиева, О.Жұбаева, Ж.Сәдуақасұлы, А.Жаңабекова, М.Жолшаева және т.б еңбектерін жатқызуға болады. Тілдің көпфункционалдығы адамдық фактордың логикасымен, танымдық білімі мен сөз «әрекетінің» құзыреттілігін өзара бірлікте қалыптастырудың алғышартының негізгі өзегінен тарайды. Тілдің функционалдығын толық тану оның көп жүйелілік қызметінің мәнін анықтау үшін тіл білімінің өз ішіндегі салаларымен және гуманитарлық білім бағыттарымен біртұтас, үздіксіз бір байланыста қарастыруды қажет әрі талап етеді. Тілді зерттеудегі классикалық дәстүрлі немесе құрылымдық грамматика айтушының ойлауын және тілден тысқары факторларды ескермеді. Тілді айтушы мен оған ықпал ететін факторлар арқылы қарастыру тілдің функционалдығын әрі мағыналық өрісін анықтауға тікелей ықпал етті. Ежелгі грамматикалық категориялардың негізі бастауын логикадан бастау алғаны белгілі. Сондықтан тіл функционалдылығын зерттеушілерде осы негізді басты қағида ретінде алады. Олай болса, логикалық тұжырымдар мен нәтижелер барлық адамзатқа тән болғандықтан барлық тілде түзілетін грамамтикалық заңдылықтар барша халыққа тән құбылыс болып саналады. Тілдік категориялар әр халықтың өз тілінің грамматикалық жүйесіне бағынып, өзінше тілдік заңдылық ретінде көрініс табады.

Функционалды грамматиканың негізгі қарастыратын нысаны – сөз сөйлеу кезіндегі ситуацияның негізінде қолданылатын әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің қызметі көпжүйелік талдау арқылы анықталады. Сондықтан осы саланың негізгі ұғымдары бір-бірімен өзара әрекеттесіп, байланыста болады. Функционалды грамматикада тіл сөйлеу деңгейінде, динамикалық аспектіде қарастырылады. Мұнда тілдік бірліктер мен тіл жүйесінің сөйлеудегі қызметі, тілдік бірліктердің қолданылуы сөйлеу жағдаятымен, контекстпен бірлікте алып зерттелінеді.

Қорыта айтқанда, тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру  соңғы кезде тіл теориясында да, практикасында да жаңа қарқын алып келеді. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған функционалды грамматикаға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматика мәселелерінің қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола бастады.

Мархаббат ЖҰМАБАЕВА,

Меруерт КУМАРОВА,

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *