Дариға Назарбаева қазақстандықтарды Бірінші мамыр мерекесімен құттықтады

506

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады.

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мемлекеттілігіміздің беріктігінің тірегі — достық пен өзара түсіністіктің, келісімнің мерекесі. Біздің тағдырымыз да, жеріміз де бір, біздің ортақ Отанымыз — Қазақстан. Халқымыздың барлық арман-тілектері бір. Қазақстан ұлттардың, тілдердің, діндердің көптігімен қуатты. Қазақстандықтардың бірлігі мен отансүйгіштігі — кез-келген ауыртпалықтан алып шығады, індетті де жеңеді. Еліміздегі әрбір шаңыраққа амандық, зор денсаулық, бақыт пен береке, сүйіспеншілік тілеймін!

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *