Бауыржан Исламхан БАӘ-дегі еркін агенттер көшін бастауы мүмкін

171

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханды БАӘ чемпионатындағы еркін агенттер тізімінде көш бастайды.

Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» командасымен келісімшарты 30 маусым күні аяқталады. Transfermarkt еркін агенттер тізімінде қазақстандық футболшыны бірінші орынға қойды. Оның нарықтағы күні 2,4 миллион еуроны құрайды. Екінші орынға бразилиялық Фабио Лима (2 млн еуро) жайғасса, үштікті Альваро Негредо (1,6 млн еуро) түйіндеді.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты БАӘ чемпионаты тоқтатылды. Биыл ғана «Әл-Айн» командасына қосылған Бауыржан Исламханның келісімшарты жарты жылға жасалған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *