Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам өтінім мақұлданған

567

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам өтінім мақұлданған. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы жағдай бойынша несие алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңгеге қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды», — делінген хабарламада.

Бұл бағдарлама арқылы тұрғын үйді кімдер ала алады?

тұрақты кірісі бар,
өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы.

Шарттары қандай?

ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна — 20%-дан бастап;
сыйақы мөлшері жылына — 7%;
несие мерзімі — 25 жыл.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *