«ДАРЫНЫ ЖАНАРТАУДАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖАС ЖІГІТТІ 10 ЖЫЛҒА СОТТАУ – ӘДІЛЕТСІЗДІК!..»

1081

ӘЛІБИ! Айналайын, Әліби балам, басыңа ауыр іс түсіп жатқан кезде өз айналамда сенің тағдырыңа бейтарап қараған адам көрмедім. Менің айналам деп отырғаным – еліміздің өнер кеңістігіне, театр әлеміне, шығармашылық білім беру саласына  қатысы бар ұстаздар, сахна мен кино шеберлері. Аға буын, орта буын, кіші буын – Ақтөбеде сотталып жатқан қаршадай өзіңді ойлап қамығуда. Кеше таңда Сен түсіме кірдің. Еркіндікке шыққан сәтіңе арналған алты Алаш бас қосқан мереке болып жатыр екен. Ораза айы басталған алғашқы күннен-ақ дұғамдасың, тілегімдесің. Түсімді жақсылыққа жорыдым.

Шынын айтқанда, сенің туған-туысқандарыңды былай қойғанда, талантың мен өнеріңе, адами болмысыңа тәнті ұстаздарың қатты қапаланып отырмыз. Сенің театр сахналарында, университет залдарында өткен спектаклдердегі сомдаған бейнелеріңді көріп тәнті болдық. Қоңыр дауысыңмен жас Шәмшіні көз алдымызға әкелдің. Өмірге іңкәр, жан-жағына шуағын шашқан мейірімді шәкірт ретінде көптеген қоғамдық-мәдени іс-шараның бел ортасында жүрдің.

Елге қызмет етудің қандай екенін жастық жалынға толы дарыныңмен ЭКСПО халықаралық көрмесіндегі мәдени жобаларға белсене қатысып, көрсете білдің. «Қазақтың Қызжібегі» атанған Меруерт Өтекешованың рухани баласына, өнердегі ұлына айналдың. 2019 жылдың маусым айының аяғында Атыраудағы Махамбет атындағы театрдың сахнасында Сенің сомдаған бейнең — көрерменге қол соқтырып, таңдай қақтырды. Өнер сапары аяқталып, бәріміз ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына оралдық. Сабаққа деген алғырлығыңды былай қойғанда, топ старостасы ретінде Сенің бірге оқитын достарыңа деген мейірім мен жанашырлық сезіміңе, ұйымдастырушылық қабілетіңе сессия кездерінде, үлкен шаралар кезінде талай куә болдық.

Өмірі енді басталған, қылмысы толығымен дәлелденбеген дарыны жанартаудай жарқылдаған жас жігітті 10 жылға соттау – әділетсіздік! Әлібидің бар кінәсі – жастығы шығар, театр әлеміндегі темірдей тәртіпті 1-2 оқушыдан талап еткендігі. Әрине, Сенің орныңда тәжірибесі бар басқа біреу болғанда, сол балаларды «дискотекаға» жіберіп, шаршап билегенше салқынқандылық танытып, самарқау тұра берер еді. Ал, Сен – сол кішкентай балаларды тәртіпке шақырғың келді, тәрбиелегің келді. Қазіргі қоғамдағы шыбық тимей шыңқ етер кейбір «балалардың» клиптік ойлау санасында ата-анасына айтып кек алу, өш алу үрдісі белең алып бара жатыр. Жуырда ғана Белорусь Президенті Г.Лукашенко – мектепте сыртынан жасырын видеоға түсіріп, балаларға дауыс көтеріп, олардың мазағына, ата-аналарымен қоғамдық ұйымдардың қудалауына ұшыраған ҰСТАЗДЫ қорғап қалған ісі – белорустық ата-аналарға сабақ болды. Бала құқығы қорғалуы тиіс. Баланың тағдыры – ең басты құндылық. Ұлдар тәрбиелеп, немерелер өсіріп отырған Әке, Ата ретінде – бала бәріміздің бауыр-етіміз. Балалар — елдің ертеңі. Бірақ бала психологиясының жетегінде кетпей, ел болып, қоғам болып осы Әліби Өтепбергеннің ісіне – араласып, жас дарынды қорғап қалуымыз керек деп есептеймін. Бұл қазіргі әлемді алаңдатқан ахуал кезіндегі адам тағдырынна бей-жай қарай алмайтын біздің кісілік бет-пердемізді ашып беруі тиіс. Әліби тағдыры – ұлтқа сабақ болуы керек. Сондықтан бұл іске, біз ұстаздары ғана емес, елімізге танымал психология немесе педагогика ғылымдарының докторларын қатыстыра отырып, халықаралық құқық негізінен тәжіриебесі мол заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің басын қосып – мұқият талдауымыз керек. Ешқандай жабық сот өтпеуі тиіс!

Мен де Әліби тағдырына бей-жай қарай алмаймын. Жас тағдыр иесінің өспей жатып, өшуіне бар болмысыммен қарсымын!  Әлемнің өнер кеңістігін таныған жан ретінде айтарым; Әліби Өтепберген — болашақ қазақ өнерінің Асанәлісі, Әнуары, Құманы, Тұңғышбайы, Досханы! Әлібидің бойында осы саңлақ ағалары секілді актерлік, әншілік, сазгерлік қабілеттер үйлесім тауып, бір өзі бір кісілік театрға айнала алатын хас таланттың қасиеттеріне ие! Ал өнерінен бөлек, отбасы мен ұстаздарынан алған тәрбиесі мен адами қасиеттері мол жас.

Кеше ғана бақилық дүниедегі Анасына арнаған зарын естіп, сай-сүйегім сырқырады. Естеріңізде болар… Менің ұмытқаным жоқ. Осыдан 3 жыл бұрын еліміздің жас спортшысы жарыстан оралып келе жатып, халықаралық ұшақ ішінде жанында отырған жолаушы-қыздың тізесіне қолы түсіп, ұйқысырап басы оның иығына сүйегені үшін нақақтан-нақақ Лондонда тағдыры сотқа түскені. Жалақор шет елдік жолаушы қыз — қазақтың оғыланына: «Маған зорлау әрекетін жасады», — деп сотқа беріп, аэропортта жас жігітті тұтқынға алады. Осыны көзімен көрген көрші орындықта отырған ағылшын отбасы арашаға түсті. Бүкіл сот отырысына қатысып, қорғауға барын салды. Сонда, қазақтың жас баласын ағылшындар өздері қорғап, оның жымысқы әрекеті болмағанын айтып ақтап алған болатын. Алты айға созылған сотта, айдаладағы ағылшын соты — қазақтың жас өренін ақтап, еліне оралуына дәнекер болды.

Қазір де көзіміз көріп, бүкіл ел куә болып отырмыз: Ел Президенті Қ.Тоқаев – Қытай түрмесінде алты жыл еркіндікті аңсаған Ақжарқын Тұрлыбайдың елге орлауына дәнекер болып жатыр. Адам баласын істемеген ісі үшін жауапқа тарту – өркениеттіліктің белгісі емес! Ешқандай да адамдық моралға сыймайды!  Әліби – болашақ қазақ өнерінің қайраткері! Әлібиді толығымен ақтауды сұраймын!

Асхат МАЕМИРОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Философия докторы




54 thoughts on “«ДАРЫНЫ ЖАНАРТАУДАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ЖАС ЖІГІТТІ 10 ЖЫЛҒА СОТТАУ – ӘДІЛЕТСІЗДІК!..»

  1. Isabek Aizada

    Ата-аналар балаларын дискотекаға жібермегеніне неге қуанбайды? Неге сонша балаларды басқа шығарып жібереді екен? Әлден жын ойнақтын басында жүрсе ертең не күтуге болады? Тәртіпке бағынған құл болмайды. Бір рет билемей, тыныш бөлмеде отырғанда нелері кететін еді. Бәлкім Әліби балаларыңыздың өмірің сақтап қалған шығар. Айтады ғой әр істің өз қайыры бар деп. Бәлкім дискотекаға жібергенде балаларыңыз бірдемеге ұшырап қалатын ба еді? Алла осы жолмен оларды сақтандырып қалған шығар.

  2. Алихан

    Әліби менің досым, бауырым, группаласым. Бір бөлмеде тұрдық. Жалған жаланың құрбаны болып отыр, қолдау көрсетіп жіберсеңіздер, Алла қаласа ортамызға оралады.

  3. Isabek Aizada

    Жалғасы. Дәлел-айғақ табылмады дегенде 100% босап шығады деп үміттендік. Бірақ арты жабық сот және 10жылдық үкіммен аяқталды. Тіпті балалардың берген түсініктемелері көп жері бір-біріне сәйкес келмейді. Оны оқып салыстырып көрген қарапайым халық байқап отырмыз. Қалай сот төрағасы, қорғаушы соларды көрмей қалды? Мүмкін емес нәрсе ғой! Бір бала «бізбен ылғи жалаңаш душқа түсетін» десе, екінші бала «бізбен ешқашан душқа түскен емес» деген. Осы нәрсені өз көзімізбен оқыдық

  4. Isabek Aizada

    Бұл іс неге ушығып кеткенің білесіздер ме? Себебебі Әлібидің өзі адал екенін, туғандары оның осы істен ақ екеніне сенімді болғандықтан. Осы іс мұндай көлемде жазаланады деп ешкім ойламады. Сол себепті де басында бәрі әліптің артын бағып қарап отырды. «Бұйырса ақталады» деген сенімде болдық. Себебі сот ісінің әділдігіне, Әлібидің және біздің ақ көңіліміз сенді. Соңына дейін үміттеніп дымымызды шығармадық. Жалғасы..

  5. Сая Аманжолова

    Өтепберген Әлібимен өз басым бұранна бері доспын. Біз талай балаларға арналған мерекелік шараларда жұмыс істегенбіз. Әлібидің тарапынан ешқандайда жаман іс — әрекет көрген емеспіз! Оныңда артынан еріп келе жатқан іні, қарындастары бар. Ол өте балажан, ақ көніл, аңқаулау, еш жамандығы жоқ адам! Өзі тәрбилелі, ұқыпты, талапты, жауапкершілігі мол жан! Біз өнер университетінде бірге оқыдық. Әліби біздің көшбасшымыз, старостамыз және лидеріміз! Нақақтан нақақ кінәсіз, жаланың құрбаны болып отыр.

  6. Isabek Aizada

    Білесіздер ме 1-курсқа түскенде біздер мектептен келдік. Бір кеште группамен туған күнге жиналатын болдық, мені мамам жібермей қалды. Әліби мамаға телефонмен хабарласып,(ол кезде мамамды танымайды да) «Сәлеметсіз бе тәте, мен Айзаданың старостасымын, бүгін өзіміз жиналып отырып жәй әңгімелесіп, туған күнді атап өтейік деп едік. Артық ешкім болмайды. Тек біздің группамыз. Қызыңызға өзім жауап беремін. Аман-есен келеді» деп мені сұрап алған. Сондағы маған деген жанашырлығы ғой бұл. Бәрі бара жатқанда мен группадан қалып қояды ма деп, мамам артық уайымдап қалады ма деп танымайтын адамына хабарласып, сол жерде танысып, мамамның тілін тапты. Осындай ағалық қамқорлығынан кейін оны қалай жақсы көрмейсің?! Біз үшін уайымдап жүретін. Әсіресе рубежка, экзамен кезінде барлық мұғалімнің алдында сағаттап отырып баға сұрайтын. Тағы да өзі үшін емес, біздер үшін. «Менің жарты баллымды мынаған қосып беріңіз, ол грант еді немесе грантка өтуі керек» деп шырылдап жүретін. Осындай адамды қалай әділетсіздіктің отына тастап жібереміз?

  7. Алдияр

    Бауырыма әділдік менің бауырым 100 пайыз айта алам қандай адам екенін. Қолдап жатқан баршаларыңызға алла разы болсын

  8. Сая Аманжолова

    Қазіргі таңда өкінішке орай, өсіп келе жатқан жас буын балалар өте ерке әрі ашуланшақ, жүйкелері тез тозатын болған. Әлеуметтік желіде коргендерін істеп, Тәртіпке бағынғылары келмегендіктен, жала жауып отыр. Олай еш дәлелсіз, адамның тағдырымен ойнауға болмайды гой! Өмір алма кезек емес па?! Ертенгі күнімізде не күтіп тұрғанын білмейміз. Сондықтан ешкімге жамандық жасамай, ешкімнің обалына қалмаңыздар! Қасетті Рамазан айында, тілегіміз орындалып, әділеттік орнасын!

  9. Сая Аманжолова

    Егер Әліби туралы толық ақпаратты білгіңіз келсе Instagram желісінде @alibige_adildik парақшасынан, Facebook желісінен Alibige Adildik парақшасынан көре аласыздар!!!🤲🏻

  10. Роза Әбдікамалқызы

    Қаншама күннен бері Әліби туралы жазылып жатқан посттарды оқысаңыз, әр қазақ «МЕНІҢ БАЛАМ БОЛСЫН!» дейтін-ақ бала екенін көріп отырмыз. Ол посттарды да былай қойып, сол посттардың астына жазылған пікірлердің ішінен бір жағымсыз сөз (негатив) таппайсыз ғой! Жанындағы достарының, группаластарының әңгімелерін оқысаңыз, кәдімгідей қараңғыда адамдар адасып кетпеу үшін қолына шам алып, жол көрсетіп жүрген бала екен! Шіркін-ай! Тезірек үйіріне қосылса екен! Алладан жатсам-тұрсам «СЕГІЗ АЙДА СЫНБАҒАН, БЕРІЛМЕГЕН ӘЛІБИ ТОҒЫЗЫНШЫ АЙҒА ДА ШЫДАСА ЕКЕН!» ДЕП СҰРАЙМЫН. ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН, ДҰҒА-ТІЛЕГІМЕН КӨП ҰЗАМАЙ АҚТАЛЫП ШЫҒАТЫНЫНА СЕНЕМІН!

  11. Рысжаг

    Кандай жагдай болмасын жазыксыз кисини каралап куна тагу жаксылыкка арармайды.адам асыкканмен алла асыкпайды.айналып кана кнтейн ата аналар али де уакыт бар ойланайык.тас боп каткан журектериндитжибитиндер.

  12. Сая Аманжолова

    Тәуелсіз Қазақстанның тәуелсіз саналы жастары Әлібиге әділдік сұраймыз🤲🏻 Әліби өте ақкөңіл , адам түгіл шыбынды да ренжітпейтін жан🤲🏻Әлібидің түк кінәсі жоқ бұған 1000 даған 100000 даған адам кепіл бере алады!!! Өтінеміз, қолдауларыңызды сұраймыз🤲🏻Бұндай әділсіздікке жол беремейік🙌🏻 Аминь!

  13. Арман

    Құрметті пікір қалдырушылар!!! Бұл постты оқып отырып ойларыңыз сан саққа жол тартқан болар! Бірақ та, ҚР жас азаматы ретінде сіздерден өтініп сұрарым асығыстыққа бармаңыздар, бұлай пікір қалдырмастан бұрын істің мән-жайымен танысып алуларыңызды сұраймын. Ол қиын емес тек мына инстаграм парақшасын теріңіз @Alibige_adildik . Кіріп қараңыз Әліби бауырымыздың кінәлі еместігіне көз жеткізіңіз.

  14. Айкүміс

    Әліби тірі жанға жамандық ойламайтын ақ жүректің иесі. Арманы асқақ, мақсаты биік азамат! Өзінің мүддесінен бұрын өзгенікін ойлайтын, өзі үшін емес, көпшілік үшін шырылдап жүретін жан тобының старостасы. Осындай тұлғалық сипаттың иесі ондай азғындыққа бармайды. Біз танитын Әліби адамдық қасиетті барлығынан жоғары қоятын кесек адам!

  15. Арман

    Әлібм менің баурым,досым. Оның кінәсіздігіне 100% сенемін

  16. Елдар Сагынгалиев

    Ассалаумагалеикум агайын ӘЛІБИ жалган жаланын курбаны болып отыр арызданган ата ана корып окып отсаныз арызынызды каитып алуынызды сураим оиткени ешкандай аигак жок бул тек бала фантазиясыРАМАЗАН АЙЫНДА КАРГЫСКА ЕМЕС САУАПКА КЕНЕЛИНИЗ!!!

  17. Рысжаг

    Канша халык колдап каншама ана коз жасына ерик берип ,журегимиз кан жылады.Бул заман не болып кетти.
    Биреуге жаксы корген сезиминди жеткизу оз басына киындык болатынын Алиби билмеди ау.Каждый по себе судить дегендей Алиби барин озиндей корди.Кандай киындык болса Алиби шыдашы .Али ак адилдиктин ак туы желбирейди.ол кун де алыс емес

  18. Айкүміс

    сотталып, өмірін қор қылмайды.

    10-12 жастағы балалар менің түсінігімде бесіктен белі шықпаған, әлі арамдықтан бейхабар, пәк. Бірақ, “педофил” деген сөзді білген бала бар пәлелікті біледі. Олардың осы жасында психологиясы бұзылған. Оған әсер ететін әр баланың қолындағы ата-анасында жоқ смартфон, ашық интернет, атыс-шабыс ойындар, әлеуметтік желілер. Балалардың тәрбиелеуші құралы – смартфон деген анықтама беретін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әр ата-ана мынаны білсе етті ➡️ Мағжан атамыз «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген. Бүгін біреуге жазықсыз жала жауып, өз ұшқыр қиялының өтірігіне малынып, біреудің өмірімен ойнап жатқан бала – ертең осы әрекетіне араша түспей, өтірігін қолдаған ата-анасына небір тауқыметті көрсетуі мүмкін, құрметті ақиқатты ақтармай, баласының әр сөзін сөйлейтін ата-аналар!

  19. Бибігүл

    Әліби баламызға араша сұрап, барлық әлеуметтік желілер, баспасөз құралдары арқылы үн қатып жатқан Асхат Маемиров мырзаға аналар атынан АЛҒЫС АЙТАМЫН! Ұстаз болса, Сіздей-ақ болсын! Ал Әлібиге келер болсақ, осыншама адамның біреудің тағдырына араша болғысы келіп, қолдау көрсеткенін өз басым көрмедім. Атағы да, байлығы да жоқ, адамшылығы мен өнері ғана жанына серік болған Әлібидің болашағы үшін бүкіл ел алаңдап отыр қазір

  20. Айкүміс

    10-12 жастағы балалар менің түсінігімде бесіктен белі шықпаған, әлі арамдықтан бейхабар, пәк. Бірақ, “педофил” деген сөзді білген бала бар пәлелікті біледі. Олардың осы жасында психологиясы бұзылған. Оған әсер ететін әр баланың қолындағы ата-анасында жоқ смартфон, ашық интернет, атыс-шабыс ойындар, әлеуметтік желілер. Балалардың тәрбиелеуші құралы – смартфон деген анықтама беретін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әр ата-ана мынаны білсе етті ➡️ Мағжан атамыз «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген. Бүгін біреуге жазықсыз жала жауып, өз ұшқыр қиялының өтірігіне малынып, біреудің өмірімен ойнап жатқан бала – ертең осы әрекетіне араша түспей, өтірігін қолдаған ата-анасына небір тауқыметті көрсетуі мүмкін, құрметті ақиқатты ақтармай, баласының әр сөзін сөйлейтін ата-аналар!

  21. Бибігүл

    #ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК сұраймыз. Әліби туралы толығырақ @alibige_adildik парақшасында.

  22. Айкүміс

    Болмысынан балаларды жақсы көре білетін адамның ойына балаға азғындық жасау, арам ой ойлау үш ұйықтаса түсіне кірмейді. Өзімізге сұрақ қойып көрейік: Сіздер балаларды жақсы көресіздер ме? Жақсы көрсеңіздер, қалай жақсы көресіздер? Міне, сұрақ осында! Сонда бәріміз балаларды жақсы көргеніміз үшін кінәліміз бе? Ендеше, жаппай халықты соттасын! Немесе “өз балам” деп өзіміздікін жақсы көріп, өзгенікін өсекке тебейік. Адамның адам баласын жақсы көрмеуі үшін жүрегі болмауы керек. Олай болса, балабақшалар болмасын, мектептер жабылсын, ешкім ешкімнің баласын тәрбиелеумен, білім берумен айналыспасын. Қараңғы, қатыгез, өзімшіл ұрпақ өссін. Сонда ешкім біреудің баласына өзінің бауырындай, баласындай махаббатпен қарағаны үшін, бұзық болғанда тәрбиелегені үшін, бала болашағын ойлағаны үшін жазықсыз жауапқа тартылып, 10 жылға сотталып, өмірін қор қылмайды.

  23. Балжан

    Қолдаймын!!! Балдар айтты екен деп осылай жас жігітті ешқандай дәлелсіз соттай беретін болса, еліміздің ел қорғайтын азаматтарының болашағы не болмақ?! Сот төрағаларына да байланысты қалай ғана күмән тудыратын жәйттарды көре отырып соттай салады екен…. Қазір бұл тек Әлібидің басына түсіп тұр ертеңгі күні тағы осындай істер қайталанбасына кім кепіл?! Әлібиге әділ шешім, әділ сот, әділдік талап етеміз!! Осы орайда жоғары билікте отырған ағалар Ақтөбеде орын алған осындай шындыққа жанаспайтын іске араласып, жіті бақылауға алсаңыздар екен…

  24. Роза Әбдікамалқызы

    БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА: Үйірдегі баланы бүйірге шығарып отырғандар соқыр адам көретін, саңырау адам еститіндей-ақ айтылып та, жазылып та жатыр ғой! Әрбір көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі таза адам түсінетін уақыт жетті ғой! Не болды соншама, жазықсыз жас жігіттің өмірін қор қылатындай?! «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген бар емес пе?! Жазықсыз болса да кешірім сұрап отырған туыстары түгілі, бүкіл қазақстандықтар қолдап отырғанда кешірмейтіндей не болып қалды?! Адам да өліп қалады ғой, балаларыңыз ешқандай жапа шеккен жоқ қой! Не деген тасжүрек едіңіздер?! Қазақ «Азар берсең біреуге, өзің де азар көрерсің!» дейді. ОЙЛАНЫҢЫЗДАР! БІРЕУДІҢ БАҚЫТСЫЗДЫҒЫНАН БАҚЫТ ТАППАЙСЫЗДАР!
    Әліби балам, Алла қаласа, өз ортаңа ораласың! Алла жар болсын! 🤲
    ТҮН АРТЫНАН ЖАРҚЫРАҒАН КҮН ТУАДЫ!

  25. Айкүміс

    Әліби, біз сенімен біргеміз! Сенің тұлғаңды танып, ақ екеніңді білгендіктен халық болып қолдап отырмыз. Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені. Сені мүлде танымайтын жанның өзі жылы жүзің мен сен үшін сөйлеп тұрған фото, видеоларыңнан сенің адамдығыңның жоғары екенін біліп отыр. Әділдік орнасын! Әліби жабылған жаланың құрбаны болмасын!

    #ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК

  26. Гулсамал Абдуллаевна

    Әлібидің жақсылығын, адамшылығын осы таңда бүкіл жұрт біліп отыр. Оны мына мақалада ұстазы-ғалым болашақ қазақ өнерінің Асанәлісі, Әнуары, Құманы, Тұңғышбайы, Досханы деген. Осындай ел алдында жүру үшін жаралған баладан мол үмітіміз бар. Әлібиді ауыл Алла, сосын анасының аруағы қолдайды.

  27. Роза Әбдікамалқызы

    Балаларымыздың АСХАТ ағайы НАҒЫЗ ЖАНАШЫР ҰСТАЗ! Өнер саласында қаншама жылдар бойы басшылық қызмет істеп жүрген үлкен адам бола тұра, басқа да қауырт жұмыстары бар қызметтегі азамат бола тұра шәкіртіне араша түсіп, араша түскенде де өзгелер сияқты парақшасына бір рет жылт еткізіп салып, «салдым болды, құтылдым ғой» деп қарап отырмай, өзі тікелей күнделікті араласып отырғанынан-ақ АДАМДЫҚ, АЗАМАТТЫҚ, ҰСТАЗДЫҚ ТҰЛҒАСЫ айқын байқалады! Негізі менің өмірден түйгенім бойынша, қай салада болмасын бірдеңенің түбін терең бойлаған нағыз білімді адамдардың ғана бойында осындай баға жетпес АДАМДЫҚ қасиет болады.

  28. Dana

    Әлібиді студент кезден танимын,оте сабырлы,салмақты бала!неге біздің елде жазықсыз қаншама адам темір тордың ар жағында отырады да,қанішерлер бостандықта жүреді?!

  29. Dana

    Әлібидің жүзі айтып тұрғо қандай ақ пейіл адам екенін,Ақтөбеде оқығаннан танимын,араласатын ортасы да жақсы адамдар,сотқа берген балалардың ата анасы қалай тыныш ұйықтап жүр екен…Мында жарқын болашағы күтіп тұрған адамды темір торға қаматқызып .Әліби саған сабыр,ИнШаАлла ақталып шығасың,дұғамыздасың!🤲

  30. U.A.Q

    Əлібидің адал ұл екені, əрбір жазылған посттардан байқауға болады. Қазақ елі үшін ертең жаны күйетін ұл деп сенемін! Əліби ақталсын! Жала мен жамандыққа жол жоқ! Жастар, достары, мықты ұстаздары босқа қолдап отырған жоқ. Шіренген байдың баласы емес, қарапайым отбасынан шыққан жас бала. Əлібиге əділдік!!!!!

  31. Қанат Егдір

    Мен Әлібидің досы боламын, Осы уақыт аралығында біз Әліби екеуміз бірге балалармен көптеген жұмыс атқардық мектептерде,балабақшаларда.
    Бірде БАЛАЛАР ҮЙІНЕ жаңа жылдық ертегі қойып, ойын ойнататын болдық.Ойынның соңында бір балаға сыйлық жетпей қалып ол бала ренжіп кетіп қалған.Сол кезде Әліби екеуміз оның ренжігенін көріп артынан барғанбыз барсақ ол бір бұрышта жер тепкілеп ренжіп тұр екен біз оған түсіндіруге тырыстық бізде сыйлық санаулы екенін, бірақ ол түсінбеді ренжіп тұра берді енді балағой. Әліби сол кезде қалтасындағы соңғы ақшасын (студентпізғой) беріп кеткен ренжімесін деп. Осындай Әліби ондай іске бармайтынына 100% пайыз сеніп айта аламын 🙏🏻🙏🏻🙏🏻#ӘЛІБИГЕӘДІЛДІК @alibige_adildik парақшасы

  32. Шұғыла

    Әділдік орнап, Әліби орталарыңызға аман-есен оралады, Алланың қалауымен. Әліби туралы осынша жақсы, керемет пікірлер айтылып жатқанда, оны қалай әділетсіздікке қиямыз. Өз басым Әлібиді танымаймын, бірақ жанашырмын, тілеулеспін.

  33. АлтынЖалмагамбетова

    Алибиге бостандык! Акталып шыгуын тилеймин!

  34. Бижанова Урзада Әзімбек қызы

    Жастар біздің болашағымыз.Әліби туралы оқып,оның адалдығына күманым жоқ.Әліби түрмеге емес,қоғамға керек.Ақыл ойы дұрыс адамды бұзақылар тойына қосу-әділетсіздік.Әліби ақталып,өз үйіріне қосылсын!

  35. Бижанова Урзада Әзімбек қызы

    Әлібиге бостандық берілсін.Қоғамға пайда келтіретін, найзағайдай жарқылдап тұрған баланы бүзушыларға апарып талатпайық.Бас жарылып,қол сынған жоқ.Жемпір созылған жоқ.Балалардың дискотекаға жібермегені үшін жапқан жаласы үшін өрімдей жас түрмеге қамалмасын!!!Іс қайта қаралуын!

  36. Бижанова Урзада Әзімбек қызы

    Әлібиге бостандық берілсін!!!Адалдыққа,әділдікке осылай тәрбиелесек, болашағымыз қандай болмақ?Айдың күні аманында бұл не сұмдық?Дәлелсіз де үкім шығарыла беретін болғаны ма?

  37. Айсауле

    Алла каласа 5 ші мамыр күні әділдік орнайды деп сенемін. Мен Әлібекке сенемін, ол ондайды жасады деп ойламаймын. Рамазан айында барша қазақ бауырларымыздың дұғасы қабыл болып Әкен мен бауырларынмен қауышуды жазсын.

  38. Зейнеп

    Әділдік орнаса екен! Алла жар болсын! Дұғадамыз🙏🏻

  39. Темірлан

    ИншаАллах ақталып шығады Рамазан айы қасиетті айда Дұға тілегіміз қабыл еткейсің я Аллам

  40. Аружан

    Әліби , өзіңе сен ! Сіз міндетті түрде ақталып шағасыз. Бұл алланың сынағы , Алла сүйген құлын сынайды. Сағыңыз сынбасын. Сиз бизге керексыз. Сыз Казак елине керексыз. Аттең колымыздан ештененин келмей турганы жаныма батады. Ең бастысы тілегімдесіз.

  41. Улзира

    Мен өз жеке басым адилдик орнайды деп сенемін. Сұмдық нақақтан нақақ жала жауып, истин ақ қарасын ажыратпай 10 жыл беру. Баримиз де ұл, қыз асырап отырган жанбыз.

  42. Қырмызы

    Алла жар болсын әлі ортамызға ораласың шыда жаным

  43. Раихан

    Алиби бауырым аман есен шыкса екен.Ораза кезынде Алиби бауырым ушын дуга тилеикшы.Корген саиын журегым ауырады.Озы жетым оскен.Жап жас болып коптеген белестер багындырган.Осындаи адамга бир туйыр зияны жок адамдар турмеде отырады,ал адамды зорлаган олтирген бостандыкта журеды.Аллам Бауырыма куш куат бере гор.

  44. Жайна

    Қазіргі уақытта ата аналар өкінішке орай балаларыңызды қадағаламайсыздар , бирақ барлық жерде балаңыздыкы прав.неге? Ойланбаисызба? Осылай біреудің баласының өмірін құртып жақсы өмір сүремін деп ойлайсыздарма? Олда неге аямайсыздар! Ал дал осы орында сіздің балаңыз болса нестер едіңіз?

  45. Гульбану

    Лучше бы наказывали тех кто действительно заслуживают наказания.Убийцы,педофилы,воры и др свободно разгуливают на свободе…А тут молодому человеку жизнь ломаете из-за клеветы!Где справедливость?10 лет это немалый срок, это не игрушки а ЖИЗНЬ ЧЕЛОВЕКА ПОЙМИТЕ!!!!

  46. Беркин

    Бәрі бір алланың қолында ешкашан женілме мына қара қалых мыкты сені актап шыгады

  47. Балнур

    Бул деген адилетсиздик!Еш айгаксыз.Тек куагерлер созимен.Алла ози саган жар болсын!Аман-есен шыксыншы тар капастан.Дугамыздасын Алиби иним…🙏🙏🙏🙏

  48. Айя Аманбек

    Менде талай лагерде болдым биздиде дискотекага жибермей калды онда турган ештене жоккой ер баланын усакталып арыз кой болганы казакка жаты кылык онын устине айткан созинде 1грамм шындык жок ата ананын берген тарбиесинин тури гой ата ана баланы баска шгара бермей кагып отыру керек

  49. Айгерим

    Әділетсіз шешім соттын кайта каралып Әділетті және ашық турде өтуін талап етеміз көз жанарынан көрініп тур кандай жігіт екені ерке балдардын созін сойлеп жабык турде шешім кабылданганы каншама айғақ бола тура видосында дм далел оғаш қылық жоқ соны біле тура әділетсіз және жабық турде болған

  50. Майра

    Ақталып шықса екен деп тілеймін😌Өте жақсы балаға ұқсайды.Қаншама жанашырлары бар.Бұл бір Алланың берген сынағы ғой.Тезірек ақталып шығуын тілейміз

  51. АҚЕРКЕ АБДРАШОВА

    Жас баланың өміріне балта жазықсыздан жазықсыз балта шабуға болмайды. Лагердегі балалар дінтаман ғой. Неге құқық қорғау органдары осы жағын ескермейді екен?

  52. Назгуль

    Адилдик орнайтынына сенейик, Аллахым колдасын. Адилдик орнасын. Алиби ортасына оралуына тилектеспин

  53. Құндызай Рахиева Зікірияқызы

    дəл осы жағдай біздің отбасымыз да болды. туған бауырым дəл осылай жазықсыз сотталды. оны соттатып отырған өз əйелі. арыз жазған бірге тұрып. он жасар қызына он ай бұрын жыныстық мүшесін ұстатты деп. бала өтірік айтпайды деп жабық сот болды. беттестіру болмады. əйелі (келінім )бала шок алған көрсе қорқады деп. он ай бойы бірге тұрып істеп отырғаны. інім өте балажан, адал, адамгершілігі мол. үш қыздан кейінгі ұл еді. əділдік жоқ Қазақстан да.ЮНЕСКО ға мүше болған Америка саясатымен теңестіріп ,заңға ауыр статия берген. Назарбаевтың өзі қолдаған.
    Əліби сағанда, бауырымада əділдік тілеймін. аяқталып шығады деп сенген едік сот залынан он жылға бас бостандығынан айыру дегенде тілсіз қалдық. куəгерсіз он жыл арқалау оңай емес. айтып, жаза салу оңай болғанмен. тергеу барысында ақтау керек еді. енді қиындау. неге өйткені тергеуші, прокурор, судья, сот төрағасы жауапты. бір бірімен тамырласып жатыр. бірі кетсе бірі сотталды. өздерін өздері ұстап бергісі келмейді. осы бар шындық. Енді əділлдікті ЖОҒАРЫ СОТ төрағасынан талап етеміз. осындай облыстық сотарға қатаң түрде бақылап отыруын аманаттаймыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *