Садриддин Ахмедовке қарсылас табылмай отыр

368

Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz сайты. – Садриддин Ахмедовпен жекпе-жек өткізуден Брэндон Кук, Коди Кроули, Микаэль Зевски, Патрис Вольны мен Франсис Лафреньер бас тартты. Қазір канадалық боксшымен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Егер ол да бас тартса Квебекке кімді шақыратынымызды білмейміз, — деп жазды EOTTM компаниясы Instagram-парақшасында.


Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, аргентиналық Хосе Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңген болатын. Садриддин Ахмедов қашан жекпе-жек өткізеді?
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екені белгілі болды, деп жазады канадалық басылымдар
“ Қазір канадалық боксшымен шілде айында жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүргізіп жатырмыз”, — деп жазды Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясы Instagram парақшасында.
Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, аргентиналық Хосе Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жеңген болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *