ҮКІМЕТ ЗАРДАП ШЕККЕН ФЕРМЕРЛЕРГЕ 1,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ НЕСИЕ БӨЛЕДІ

507

Үкімет Түркістан облысындағы зардап шеккен фермерлерге көктемгі екінші егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге көлемінде несие бөледі. Мұндай шешім ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен осы мәселеге қатысты өткен жиында қабылданды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне Түркістан облысының шаруаларынан қырыққабат сатып алу тапсырылды.

Еске салайық, фермерлер егістен 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Алайда, олар жиналған көкөністерді өткізе алмай жатыр. Себебі, негізгі сатып алушылар саналатын ТМД елдерінде ТЖ-ға байланысты дүкендер мен базарлар жабылғандықтан, сұраныс күрт азайған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *