Ақтөбеде 1 және 3 жасар сәбилерден коронавирус анықталды

263

Ақтөбе облысында бір жасар сәбиден коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды kazgazeta.kz  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша сағат 9:20-да тағы жеті тұрғынның індетке шалдыққаны белгілі болды. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде 1, 3, 8 жастағы балалар мен 41, 44, 26 жастағы тұрғындар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге, 80 жастағы қариядан да вирус анықталды. «Олардың барлығы вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, медициналық бақылауға алынған. Зертханалық зерттеу нәтижесі COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда олар облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды. Жағдайы — қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жасалып жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», — деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *