Жапонияда карантин 31 мамырға дейін ұзартылды

83

Фото: wikimedia.org

Жапонияда коронавирусты жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны азаюына қарамастан, карантин режимі 31 мамырға дейін ұзартылады.

Агенттік мәліметінше, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешімді ресми түрде бүгін қабылдайды. Елде медициналық кадрлар тапшы, ал экономикалық белсенділік төмендей түскен. «Өткен аптада С.Абе карантиннің ұзартылуына қатысты сөз қозғап, адамдардың қалыпты өмірге бірден оралмайтынын қосып өтті. Жұма күні үкіметтік топ COVID-19-дың жаңа оқиғаларының көбеюіне жол бермеу үшін төтенше шараларды ұзартуды кеңес етті. Жапонияның түрлі префектураларында коронавирусқа шалдығу фактілерінің саны әртүрлі болғандықтан, үкіметтің инфекция аз таралған префектураларда карантин режимін әлсірету шешімін қабылдайтыны күтілуде», — делінген ақпаратта.

 inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *