Бауыржан Исламхан енді арабиялық клуб үшін ойнай алмайды

280

БАӘ кәсіпқой лигасы мен футбол қауымдастығы жергілікті чемпионатты жалғастыру бойынша мәлімдеме жасады. «Аль-Айн» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан бұл команда үшін енді ойнай алмайтын сияқты, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Жағдайды билік өкілдерімен сараптап, БАӘ кәсіпқой лигасы футбол қауымдастығымен бірге жарыстарды тамызда жалғастыру туралы шешім шығарды», — делінген лига сайтында.

Бауыржан Исламханның «Аль-Айн» клубымен келісімшарты 2020 жылы 30 маусымда аяқталады, енді ол келісім ұзартылса ғана ОАЭ чемпионатының аяғына дейін ойнай алады. 27 жастағы қазақстандық футболшы «Аль-Айн» сапына 31 қаңтарда өткен. Исламхан арабиялық клуб үшін ойнаған он матчте бір гол салып, үш нәтижелі пас берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *