Қасым-Жомарт Тоқаев: Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасы Сенат төрағалығына лайықты

425

-Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын, -деді Парламент Сенатының отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

–Сенаттың ең басты міндеті – сапалы заңдарды қабылдау. Мұндай заңдар реформаларға жол ашады, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Сенат депутаттары заң жобаларын талқылау кезінде немесе басқа форматтағы басқосулар барысында қоғамымыздағы ең өзекті, елді алаңдататын мәселелер жөнінде өткір ойлар, сыни пікірлер айтуға құқылы. Бұл мәселе бойынша дау жоқ. Бұл ретте, сіздердің жұмыстарыңыз өте жауапты екенін жақсы білемін. Өздеріңізге мәлім, менің Жарлығыммен Сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Ол Сенат төрағасы ретінде бір жылдан астам белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Сол үшін Дариға Нұрсұлтанқызына ризашылығымды білдірдім», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. –Менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес Парламент Сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгерген, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді жұмыс атқарды. Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын, – деді Презимдент Тоқаев  Сенат отырысында сөйлеген сөзінде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *