Үш қалада мамандандырылған ХҚКО жұмыс істей бастады

201

«Азаматтарға арналған үкімет» ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 мамырдан бастап мына қалалардағы мамандандырылған ХҚКО қайта ашылады:

Нұр-Сұлтан (20-40 көшесі)
Карағанды (Мұқанов көшесі, 5)
Ақтау (9-өнеркәсіптік аймақ, 57)

Мекемелер алдын ала жазылу арқылы ғана қызмет көрсетеді. Қызмет алу үшін Egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет. Қарағандылық ХҚКО барлық жүргізушілерді қабылдаса, Ақтау мен Нұр-Сұлтандағы орталықтар тек заңды тұлғаларға (автосалондар) қызмет көрсетеді.

Аталған мекемелер жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істейді.

Басқа қалалар мен облыстарда мамандандырылған ХҚКО-ды ашу мүмкіндігін жергілікті шұғыл штаб қарастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта машинаны онлайн сатуға және сатып алуға, сонымен қатар жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *