Алматы көшелеріндегі блок посттарды алып тастады!

198

Бүгін Алматы көшелеріндегі арнайы қоршауларды алып тастады. Тұрғындардың қаланың аумағында жаяу, көлік немесе велосипедпен еркін қозғалуына мүмкіндік берілді. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ресми мәліметінше, қаладағы парктер мен тауға шығып серуендеуге әлі де рұқсат берілмеген. Сондай-ақ, қаланың өзге облыстармен іргелес тұстарындағы 27 блокпост қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді. Ал полиция мен өзге де құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын жерлерде қала тұрғындарының карантин режимін сақтауын жіті бақылауда ұстайтын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *