Таза өнім-тән мен жанның саулығы

149

Фото: Depositphotos.com

Қазіргі таңда ғылымның өркендеген кезеңінде жаңалықтар көбейіп жатыр. Кез-келген жаңалықтар адамдар үшін қауіпсіз емес. Мысалға көп дүкен сөрелерінде генетикалық модификацияланған ағза (ГМА) тағамдары көптеп кездесетіні бәрімізге мәлім. Яғни бұл жағдай тұтынушылардың денсаулықтарына аса қауіпті болып табылады. Бұл қандай тағамдар және неге тағамдарды орынсыз пайдалану зиян екенін қарастырайық.

ГМА тағамдарының тарихы

ГМА тарихына аздап тоқтала кетсек, ГМА деп- бұл бір ағзаның геніне бөтен ағзаның геніне енгізу арқылы пайда болған өнімді айтамыз. Бүгінгі күнде гендік инженерия қарқындаған кезеңінде тағам ретінде қолдану қауіпсіз ба?- деген сұрақ туындайды. Себебі, гендік инженерия жасанды мутацияға ұшыраған өнім. Оның адам ағзасына қандай деңгейде қауіп тигізетіні белгісіз.

Генетикалық модификацияланған ағзаларға көкеністер, жеміс-жидектер, дәнді-дақылдар, еттер және көптеген микроағзалар жатады. ГМА өнімдердің бастапқыда  пайда болу себебі, көп мөлшерде жеміс-жидектерді, көкеністерді, дәнді-дақылдарды жинаған кезде ауыл шаруашылығында туындаған қиыншылықтарды шешу болып табылған. Бірақта, геннің табиғи процесін өзгерту арқылы өнімдердің реттік алмасу жолын өзгертеді. Бүгінгі таңда ғалымдар трансгендік және соған ұқсас ағзаларды жануарлар мен өсімдіктер әлемінде жасанды түзетулер енгізуде.

Генетикалық модификацияланған ағза-өнімдері немен қауіпті?

Біздің заманымызда ғалымдардың зерттеу жүргізу нәтижесі бойынша өнімдерде ГМА адам ағзасына қауіпсіз деп есептегенмен, ГМА-өнімді қолданған адамдардың болашақ ұрпақтарының ағзасында гендік-мутациялардың болмайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды.

Кейбір зерттеу жұмыстары бойынша адам ағзасында ерте ма кеш па өзгерістер пайда болатынында жасырмайды. Мысалы, зерттеу жұмыстарына колорадиялық қоңызды өлтіретін тышқандарды алып, біреуін  ГМА қосылған картоппен асыраған, ал екіншісіне ГМА қосылмаған табиғи картопты берген. Соның нәтижесінде, ГМА қосылған картопты жеген тышқанның қанының құрамы өзгеріске ұшырағанын және ішкі ағзаларының үлкейгенін байқаған. Ал, табиғи ГМА қосылмаған картопты жеген тышқанда ешқандай белгілер байқалмаған.

Фото: ашық дереккөзден

Тағам өнімдерінде ГМА-ның құрамы

Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда құрамында генетикалық модификацияланған ағзалары бар азық-түлік өнімдерін басқа елдерден жеткізілетін кезде, мемлекеттік бақылаудан өтіп, тұрақты түрде тексереді. Дүкен сөрелерінде құрамында генетикалық модификацияланған ағзалары бар тағамдардың заңды түрде келесідей түрлері сатылады:

  • Қант қызылшасы
  • Картоп
  • Жүгері
  • Күріш
  • Соя

Ал, басқа мемлекеттерде генетикалық модификацияланған қызанақтар,

бидай, қауын, цикорий, кәділер, зығыр, мақта және басқа да өнімдер кездеседі. Аталған өнімдердің қайсысы көбірек зиян екенін анықтау қиынырақ, өйткені олар бір деңгейде өте зиян болып табылады.

 Құрамында ГМА жоқ өнімдерді қалай анықтауға болады?

Дұрыс азық-түлік өнімдерін таңдау үшін, алдымен қарап, таңдап үйрену керек. Құрамында ГМА-ы бар өнімдерді 3 түрлі категорияға бөлуге болады:

1). Генетикалық модификацияланған ағза-өнімдері қоспалар немесе компоненттер түрінде кездеседі. Бұл компоненттер көбінесе – бояғыш заттар, дәмдеуіштер, тұрақтандырғыштар болып табылады. Олардың таңбалануында Е000 (000 санының орнына басқа сандары болуы мүмкін). Бұл категорияға көптеген қоспалар, шұжықтар, йогурттар, шоколадтық батондар, тәттілер және басқа да өнімдер кіреді. Сол себепті, өнімнің таңбалануын мұқият оқыңыздар!

2). ГМА технологиясын қосу арқылы қайта өңделген шикізаттан пайда болған өнімдер. Оларға соя ірімшігі немесе сүзбесі, соя сүті, чипсылар, томат пастасы, жүгері және тағы басқалар жатады.

3). Трансгенді жеміс-жидектер мен көкеністер. Бұл категорияға жататын өнімдерді тану өте оңай, себебі, олар мінсіз болады. Яғни, әдемі, құртталмаған, дақ түспеген, пішіндері түзу болып табылады. Мысалға, қыркүйек айында сатылатын бау-бақша алмалары мен жыл бойы тұратын қып-қызыл, әдемі алмаларын салыстырып көруге болады. Жыл бойы ешқандай қоспаларсыз табиғи жеміс-жидек, көкеніс және сүт өнімдері құртылмай тұруы мүмкін емес екенін білеміз.

Қорытындылай келе, қазіргі кезде азық-түлікте ГМА бар жоғын анықтау өте қиын болып табылады. Өйткені олар кез-келген уақытта және кез-келген жерде кездесуі мүмкін. Адамдар өздерінің және болашақ ұрпақтарының денсаулықтары үшін, жоғарыда аталған өнімдерден бас тартып, отандық ауыл-шаруашылығында өсірілген жеміс-жидектерді, көкеністерді, сүт және ет өнімдерін таңдауға тырысу керек.

Д. Сисенов, Алатау аудандық тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқарма басшысы

А. Мусабек, Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының ТРТСБ бөлімінің басшысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *