Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігімен жүре беруге болады!

251

Төтенше жағдай үшін жүргізушілерге жеңілдік жасалды. Ескірген құжаттарды жаңартуға қосымша екі ай уақыт берілген.

ҚР ІІМ «Ел аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге тұлғалардың құжаттарын растау” туралы қаулы жобасын премьер-министрге дайындап жатыр.

Аталмыш құжат қабылданған соң мерзімі өтіп кеткен көлік жүргізу куәлігі, уақытша куәлік пен техникалық байқаудан өту куәлігі тағы 60 күнге жарамды бола бермек.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ІІМ мерзімі өткен куәлікпен жүруге тыйым салған еді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *