Квотамен оқыған жастар ауылда 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі!

209

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары колледж немесе университетті аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды.

Қаулыға сәйкес, «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына, сондай-ақ «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *