Болашақ журналистер баспасөз бостандығының маңызын талқылады

280

«Журналистика және қоғамдық дипломатия: олар бір-біріне қалай қолдау көрсете алады?» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған вебинарға  қазақстандық студенттер мен журналистер қатысты.

Кездесуде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер журналистерді өткен Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнімен құттықтап, БАҚ-тың қазіргі әлемдегі рөлі туралы ойымен бөлісті.

Жыл сайын 3 мамырда әлем Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өтеді. Оның мақсаты — баспасөз бостандығының негізін қалаушы қағидаттарды еске алу, БАҚ тәуелсіздігіне қол сұғушылықтан қорғауға жәрдемдесу, әлемдегі баспасөз бостандығының жағдайын бағалау.

Онлайн кездесудің спикерлері — елшіліктің баспасөз хатшысы Шон Бода және БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесші ҚарлығашЖаманқұлова болды.

Вебинар аясында Шон Бода журналисттәуелсіздігіне нұқсан келтіріп алмай, баспасөз қызметі өкілдеріменқалай байланыс орнату керегін, сондай-ақ, АҚШ елшілігіндегі журналистерді қолдау шаралары туралы айтып берді.

«Қазақстандағы АҚШ елшілігі журналистерді жан-жақты қолдауға тырысады. Менің ойымша, қоғамды дамытуға көмектесетін ортақ құндылықтарды бөлісу аса маңызды», — деді Шон Бода.

Айта кетейік, кездесуді Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Медиакоммуникация кафедрасы ұйымдастырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *