Нұр-Сұлтанда жеңілдікпен берілетін жаңа пәтерлер салынады

523

Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Демек, осы жылы құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алған.

«Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн. Баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды», — деді Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *