Садриддин Ахмедов Квебек тарихындағы үздік боксшылар көшін бастады!

573

Le Journal de Montreal журналисі Режан Трембле Канаданың Квебек провинциясының қазіргі тарихындағы үздік боксшылар ондығын атады.

Ол жасаған рейтингтің көшін бірінші орта салмақтағы WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) бастады.

«Үздік ондықтың ең мықтысы – Садриддин Ахмедов. Бұл бірауыздан жасалған таңдау. Ол ірі, көзінде от бар, ашулы және күшті. Тамаша техника және таңғажайып әуесқой мансап. Сонымен қатар, Садриддиннің промоутері Камиль Эстефан оған бірінші орта салмақта да, орта салмақта да қарсылас таба алмайды. Егер ол шынымен кіріскен болса, Ахмедовтің болашағы зор», – деп жазды Трембле.

Назарларыңызға үздік ондықтың тізімін ұсынамыз:
1. Садриддин Ахмедов (Қазақстан)
2. Эрик Базинян (Канада)
3. Кристиан Мбилли (Франция)
4. Арсланбек Махмудов (Ресей)
5. Оскар Ривас (Колумбия)
6. Стивен Батлер (Канада)
7. Артем Оганесян (Ресей)
8. Микаэль Зевски (Канада)
9. Лексон Матье (Канада)
10. Мари-Ив Дикер (Канада).

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Канада елінде өткен бокс кешінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-6-2, 7 КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *