Қазақ жазуының қасиеттері

598

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ONLINEda bol жобасы аясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы көпшіліктің сұранысы бойынша «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбындағы онлайн дәрістердің үшінші кезеңін өткізді.

Кезекті дәрістіқазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссияның Орфорграфиялық жұмыс тобы мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Алтайұлы Жақыпов «Жазудың феноменологиялық қыры» деген тақырыпта өткізді.

Дәрісте феноменология терминінің мәні мен оны қолданысқа ендірген ғалымдар туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Жазудың феноменологиялық қасиетін – яғни ұлт өкілі ретіндегі жеке адамның түйсігін, ішкі санадағы рухани дүниені – қоғам танып, мойындаса ғана тіліміздің ғаламмен жарасымды түрде дамитыны айтылды. «Феноменологтардың пайымдауынша, таным мен болмыс – интенционалды табиғатқа деген көзқарастың нәтижесі. Интенционалдық сана белгілі бір затты танып-білудің жолында көрініс таба бастайды. Феноменология – сана құбылыстары жөніндегі ілім», — дейді ғалым.

Екінші дәрісті қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссияның Орфорграфиялық жұмыс тобы мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Жұмабаева «Қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері» тақырыбында өткізді. Дәріс барысында орфоэпия саласына қатысты ғалымдар тұжырымдары жан-жақты талданды, сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын дұрыс ажыратпауданболып отырғандығы айтылды.

Ғалым: «Сөздердің бірізді айтылуы тілдік қатынасты жеңілдетеді. Дыбысталған сөздің өзіндік үйлесімі, ырғағы, әуені, әуезі сақталған жағдайда тыңдаушыға жағымды әрі түсінікті болады. Қатаңдарды ұяңдатып, сөз аралығындағы дыбыстарды үйлесітіріп айтудың өзіндік мәні бар», — дейді.

Онлайн дәріс Facebook әлеуметтік желісінің ONLINEda bol тобында барлық тақырыпқа қызығушыларға тіклей эфирде көрсетілді. Барлығы 76 адам онлайн дәрісті тыңдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *