АРДАГЕРЛЕРІН  АРДАҚТАҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

622

             Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл  75 жыл толып отыр. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, соғыстың ызғары мен сызы қан майданның азабын бастан кешкен  әрбір азаматтың  жадында.  Ұлы Отан соғысына  барлығы 72 мемлекет қатысып, 60 млн. адам ажал құшқан, 110 млн. адам жараланды. Ал соның ішінде 1 200 000  адам қазақстандықтар. Олардың  600 мың адам майданда қаза болды. 9 мамыр – Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі күн.

         Әлемде орын алып жатқан індетке байланысты біз быилғы жылы мерейлі күнді кең көлемде тойлай алмасақ та,  бұл күннің қадір-қасиетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау  басты парызымыз деп білуіміз қажет.            Қан майданда жанын аямай,   соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, сұрапыл  жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарған  аналарымыздың  ерліктері мен қадір-қасиеттері әрбіріміз үшін үлгі-өнеге.

            Ұлы Отан соғысында өт кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан       500-ден астам отандастарымыз Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Солардың қатарында  қара шаңырағымыздың іргесін қалап,  студенттерге сапалы білім берген 8 батырларымыздың жауынгерлік ерліктері ерекше. Қаһарман батырларымыздың қатарында   Мәлік  Ғабдуллин, Рақымжан Тоқатаев, Құдайберген Сұрағанов, Сәду Шәкіров, Владимир  Бреусов, Ахмедияр  Хұсайынов,    Қанаш Хамзин және Лесбек Жолдасовтер болды.

           Бүгінде арамызда жүрген аға буын өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Ишмухамедов Абдрахман Шәріпұлын, ТюньтяньЮрий Александрович университет  мақтаныштары.

           Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту бағытында Ардагерлер Кеңесі үлкен жұмыс жасап келеді. Ардагерлер Кеңесі аға  буын мен жастар арасында  үздіксіз байланыс орнатып, өнегелі істердің  басында жүрген ұйым. Бүгінде біздің университетімізде 2 ҰОС ардагері, 33 еңбек майданы және тыл ардагері, 2 ауған соғысының ардагері және бір қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбаз бар.

          Университет ректоры Такир Балықбаевтың тікелей қолдауымен жыл сайын ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Білім ордамызда Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің    әскери ерліктері мен даңқты істері  жастарға  үздіксіз насихатталып отырылады.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында арнайы шаралар жоспары әзірленіп, өнегелі кездесулер мен тағылымды дәрістер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаевпен кездесу, Медеу ауданы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Мейірімділік пен қайырымдылық айлығы» акциясы, «Еліміздің болашағы Сідердің қолыңызда!» тақырыбындағы Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлерімен кездесу,  Алматы қаласы Ардагерлер Кеңесі және Медеу аудандық Ардагерлер кеңесімен бірлескен Александр Альфредович Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы бойынша оқырмандар қалалық конференциясы өткізілді.

          Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаралар  онлайн режимінде @kazupu_zhastary инстаграмм желісінде жалғасын тапты. Тәрбие жоспарына сәйкес  27 сәуірі мен 9 мамыры күндері аралығында «Біздің Жеңіс!» онлайн-акциясы жүргізілуде. Акция аясында «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!»  эстафетасы, «Естелік ізімен» әскери әндер байқауы,  «Мәңгілік даңқ» онлайн-шеруі ұйымдастырылып, жастардың қызығушылығы мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыруға септігіні тигізіп жатыр.

          Университетіміздің ректоры, профессор Такир Балықбаевтың бастамасымен 6 cәуір күні «Ардагерлерімізді ардақтайық» қалалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, ауқымды шара аясында               38 ардагерге  ақшалай сыйақы және азық-түлік себеттері табысталды. Жалпы есеппен университет қаражаты есебінен  ардагерлерге  2 670 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Акция аясында ҰОС ардагерілеріне 150 000 теңгеден, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне 50 000 теңгеден бөлінді.  Сондай-ақ, ауған соғысының ардагерлеріне және  қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбазға 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

           Сонымен қатар, Медеу ауданы бойынша университетімізге арнайы бекітілген  5 ардагерге азық-түлік корзиналары табысталып, Алматы қаласы әкімінің арнайы құттықтауы жеткізілді.

            Қалалық шараны ұйымдастыруға университетіміздің Ардагерлер Кеңесі, Тәрбие департаменті, Қызметкерлер кәсіподағы ұйымы, «Ізгілік елшісі» жобасының еріктілері, Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері атсалысып, ардагерлерімізге ерекеше ілтипаттарын көрсетті.

           Ардагерлерін ардақтаған ел озады  дегендей,  ардагерлерін құрмет тұтып, әрдайым қамқорлығын көрсетіп жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет  ұжымының игілікіті істері алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

              Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында білім ордасында ұйымдастырылып жатқан  ауқымды істер, жастардың бойында үлкенге құрмет көрсету сезімдерін арттырып, мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізері анық.

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік

даму жөніндегі проректоры, профессор

Жанатбек  ІШПЕКБАЕВ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *