Павлодар облысында науқас коронавирустан қайтыс болды

414

COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды. Бұл туралы Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оның жіті бронхит диагнозы болды. Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланды.

Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрды.

26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды.

Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өткізілді.

29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды.

2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды.

Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады.

Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.

6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *