БҰҰ: Бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды

104

Фото: ашық дереккөзден

БҰҰ пандемиямен күресу үшін кедей елдерге көмектеспейтін болсақ, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті.

БҰҰ халықаралық ұйымдарға пандемиямен күресу үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адамдар жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды. Аталған Халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сумма екі млрд доллар доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 млрд долларға өскен. «COVID-19 пандемиясы бұл барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайларда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигрантттардан келетін және туризмнен түсетін қаражаттары қысқарды», — деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок виртуальды конференцияда. Сондай-ақ, ол сөзінде пандемияның осы салдарын жоюмен күреспейтін болсақ, оның зардабын кедей елдер ғана емес бүкіл әлем тартатындығын жеткізді.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *