QAZAQ AIR Елордадан 4 бағыт бойынша әуе рейстерін іске қосады

183

QAZAQ AIR Елордадан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды авиакомпания өзінің Facebook парақшасында.

Хабарламада 7 мамырда бас дәрігердің шешімімен араға бір жолаушы орны арқылы ұшақтағы жолаушыларды отырғызу туралы талап алынып тасталғандығы еске салынды.

Бірақ авиакомпания жолаушыларды отырғызуды қашықтыққа сәйкес жүзеге асырады, әрине, рейске жүктеу толық болмаса.

Барлық жолаушылар COVID-19 үшін ПТР сынақтан өткендігі туралы сертификатты ұшу әуежайына көрсетуі керек. Оның жарамдылық мерзімі — берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн.

Осы жағдай сақталмаған жағдайда, әуежай қызметкерлері жолаушының ұшып кетуіне жол бермеуге құқылы. Сондай-ақ олардан тасымалдау ережелеріндегі өзгерістерге байланысты әуежайға ұшудан кем дегенде екі сағат бұрын келу сұралды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *