Қала әкімі  «Даңқ монументін» тазалады (видео)

615

Расы керек, қазір әр ауданда санаулы ғана соғыс ардагерлері қалды. Сондықтан оларды құрметтеуіміз керек.

Бүгін  Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев  шаһарда орналасқан соғыс ардагерлеріне естелік ретінде орнатылған «ДАҢҚ» монументі маңын өз қолымен тазалып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

–Құрметті текеліліктер, барлығыңызды Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен құттықтаймын. Біздің қаладағы Даңқ монументі соғыс ардагерлеріне ескерткіш ретінде орнатылған. Бүгін 8 мамыр күні осы құрметті орынға келіп, тазалық акциясын жасап жатырмын. Осы тазалық шарасы арқылы Текелінің әрбір тұрғыны ардагерлерді ардақтауы тиіс, Даңқ монументіне құрметпен қарайық. Бұл Текелі қаласындағы ең қасиетті жер деп айтсақ болады. Бұл жерде соғыс ардагерлерінің аты алтын әріппен жазылған. Сондықтан, құрмет, қошемет болуы керек, — деді шаһар басшысы Бахтияр Өнербаев.

Қала әкімі барша қазақстандықтарды ардагерлерімізге деген құрметті тек сөзбен ғана емес, осылай іспен дәлелдеп, қоғамдық тәртіпті сақтап, тазалық нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Текелі қаласында бүгінде жалғыз соғыс ардагері Михаил Тыченко тұрады. Ертең қала әкімі Бахтияр Өнербаев 98 жасқа келген ардагерді құттықтап, барып қайтпақ.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *