Басшылық

Kenzhalin«Қазақ газеттері» ЖШС-нің

Бас директоры —

Редакторлар кеңесінің төрағасы

Жұмабек КЕНЖАЛИН

Кенжалин Жұмабек Омарұлы 1954 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда туған. 1971 жылы Арқалық ауданындағы Қайынды орта мектебін бітірген соң, шаруашылықта жұмысшы, электрмен дәнекерлеуші, кейін орта мектептің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1973 жылдан — 1975 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында қызмет етті. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін ойдағыдай бітірді. Ол бірқатар Дүниежүзілік және Бүкілодақтық жастар мен студенттердің форумдарына қатысты. 1978 жылы халық депутаттары Алматы қалалық советінің депутаттығына сайланды. 1981 жылы «Егемен Қазақстан» («Социалистік Қазақстан») газетінде әуелі тілші, кейін бөлім меңгерушісі, 1986-1988 жылдары «Зерде» («Білім және еңбек») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы, 1994 жылдан «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы болды. 1996 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997-1999 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 1999 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақ газеттері» ЖАҚ-ның президенті, бас директоры, «Ана тілі» ұлттық апталығының, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы қызметтерінде болды. Қазір «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – редакторлар кеңесінің төрағасы. Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент. Ж.О.Кенжалин Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, ХVІІ шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз», «Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері», «Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа» деп аталатын кітаптардың авторы. Ж.О.Кенжалин – Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты (2006 ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1983 ж), Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі-академигі (2001 ж), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2004 ж.), «Құрмет» орденінің (2009ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалінің (2011ж.) иегері ,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.


lazzat-nogaibaeva1НОҒАЙБАЕВА Ләззат Әбіжетқызы
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директордың орынбасары

1961 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң Ақтөбе облыстық «Коммунизм жолы» газетінде еңбек жолын бастаған. 1985 жылдан бастап отбасылық жағдайына байланысты Шымкентке қоныс аударып, осындағы доңғалақ жасау заводының көп тиражды газетінде тілші, кейін редактор болып істеді. Шымкент қалалық «Шымкент келбеті» газетінде тілші, жауапты хатшы міндетін атқарған. 1999 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бөлім бастығы , «Қорған» балалар қорының атқарушы директоры болып қызмет істеген. 2005 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Таң» телеарнасында бағдарламалар бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдың 20 шілдесінен бастап «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директордың орынбасары қызметіне бекітілді.
«Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған. Отбасында екі бала тәрбиелеген ана, немерелері өсіп келеді.