Сайт ережесі

«Бекітемін»______________                                                                                                                      

  «Қазақ газеттері» ЖШС     

Бас директор –

Редакторлар кеңесінің

                                                                           төрағасы   Ж.КЕНЖАЛИН

                                                                           «    » _____________2014 жыл

 

 

«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС ВЕБ-САЙТТАРЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер:

  1. «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты веб-сайттардың жалпы саны жетеу. Оның ішінде  «kazgazeta.kz» ақпараттық-танымдық порталы «Қазақ газеттері» ЖШС-ның басты сайты болып табылады. «anatili.kz», «akikatkaz.kz», «economkaz.kz», «urkerkaz.kz», «mysl.kz», «uyguravazi.kz» сайттары Серіктестікке қарасты басылымдардың сайттарына жатады және аталған сайттардың басын «kazgazeta.kz» сайты біріктіреді. Аталған сайттар «kazgazeta.kz» ақпараттық-танымдық порталына серіктес сайттар және осы ереже «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты веб-сайтардың барлығына бірдей ортақ болып табылады.
  2. Жоғарыда аталған сайттар «Қазақ газеттері» ЖШС әкімшілігіне қарайды. Бүгінгі таңда «Қазақ газеттері» ЖШС веб-сайттарының интернет-редакциясы құрылып, әр сайтта модератор, онлайн-редактор қызмет етеді.
  3. «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты веб-сайттарын қолдану үшін төмендегі ережелерді сақтауыңыз міндетті. Сайт әкімшілігі мен қолданушылардың арасындағы барлық қатынас бақылауда екенін ескертеміз.

 

«Қазақ газеттері» ЖШС веб-сайттарының интернет-редакциясының ұстанымы (әрі қарай Сайт әкімшілігі):

  1. Бұл ұстаным Сайт әкімшілігі мен Қолданушы арасындағы Сайтты қолдану барысында туған қатынасты реттейді.
  2. Сайт иесі сайт сервистерін қолдануға мүмкіндік береді. Сұрақ қою, жауап және пікір жазу, сурет, бейнебаян, аудио жүктеу, ақпарат алу қызметтерін пайдалануға жағдай туғызатын дәнекер болып табылады.
  3. Сайт әкімшілігі Қолданушының рұқсатынсыз сайтты қолдануға қатысты кез келген ережені шығарып, материалдың кез келгенін (техникалық, құқықтық, ұйымдық және басқалар) оқуға, жариялауға шектеу қоюға, өшіруге және өзгертуге құқылы.

 

Сайт материалдары туралы:

  1. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
  2. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады.
  3. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін.
  4. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
  5. Сайтта жазылған пікірлер мен жазбалардағы көзқарастар Сайт әкімшілігінің көзқарасы болып табылмайды. Егер қандай да заңға немесе заңнамалық актке қайшы деп тапқан контент көрсеңіз, сайт әкімшілігіне хабарласып, жоюға болады.

 

Сайт әкімшілігінің құқығы мен міндеттері: 

  1. «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты веб-сайттарын басқаруға, сайттың сервис құрамын, дизайны мен сыртқы келбетін өңдеуге, сайтты жариялауға және сайтқа шектеу қоюға құқылы.
  2. Сайт әкімшілігі қандай да бір жаза үшін шешімді біржақты қабылдайтынын ескертеді. Шешім қабылдау,оның негіздемесі – ешқандай пікірталас, дауысқа салу елегінен өтпейді, сайт әкімшілігімен өз бетінше қабылданады.
  3. Әкімшілік қолданушыға сайттағы әрекеттерден және ақпараттардан тікелей немесе жанама келген (мысалы, сайттағы ақпаратқа сеніп әрекет ету) материалдық-моралдық зиянды өтемейді, және ондай сұрақтың туындауы да мүмкін емес деп есептейді.
  4. Сайт әкімшілігі қолданушылар арасында туындаған дауларға ресми орындарда куәлік етпейді, хаттама мен көшірмелер жасамайды және бермейді.
  5. Сайт администраторы немесе модераторы тұтынушы келтірілген тыйымдарды бұзған жағдайда және де басқа жағдайларда, егер оны қажет және керек деп тапса, кез келген тұтынушының хабарламасын өшіріп тастауға және кез келген тұтынушыны жазалауға (құлып қоюға) құқығы бар.
  6. Сайт әкімшілігі Қолданушылар арасындағы дау-дамайға араласпайды, бірақ қажет деп тапса араласуға құқылы. Сайт әкімшілігі басқа қолданушы атынан шағым түскен жағдайда, шағымды қарастырып егер қажет деп тапса Қолданушының сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге құқылы.
  7. Қолданушының уақытша сайтқа кіруіне мүмкіндік бермеуге, Қолданушы бірнеше рет Сайт  ережесін сақтамаған жағдайда, Қолданушының аккаунтын өшіруге немесе біршама уақытқа құлыптап, шектеп қоюға құқылы.
  8. «Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты веб-сайттарды дамыту мақсатында сайттың коммерциялық қолданылуына байланысты сайтқа жарнама беру қызметін жүзеге асыруға, іскерлік бағдарламаларға қатысуға құқылы.

 

Сайт қолданушыларының мүмкіндіктері және сайт әкімшілігінің тиымдары: 

  1. Қолданушы сұрақ қойып, жауап жазбастан бұрын міндетті түрде сайт Ережесімен танысып шығуға міндетті.
  2. Сіз сайттағы материалдарға пікір білдіре аласыз. 
  3. Өзіңіздің е-mail поштаңызды растау арқылы жеке хат жазуға және басқа да сайт ұсынатын мүмкіншіліктерді қолдана аласыз. 
  4. Сайттың ішінен бөлек сайттағы ақпаратты қалдырғанда жауапкершілік толық қолданушының мойынында. 
  5. Сайт қолданушылары жасына, жынысына, қызмет бабына қаралып, ерекшеленбейді.
  6. Ұятсыз, біреуді қорлайтын, боғауыз сөздері бар сұрақтар қоюға және жауаптар жазуға тыйым салынады. 
  7. Кез-келген сайт қонағын немесе қолданушысын ұлттық немесе діни болмысын кемсітуге қатаң тиым салынады. 
  8. Басқа Қолданушыны кемсіту мәніндегі, беделін түсіру, қорқыту мазмұнындағы, заңға қарсы пікір жазуға тыйым салынады;
  9. Пікір жазу арқылы сайт бетінде порнографиялық мазмұндағы, адамға не жануарларға деген қатігездікке үндейтін мәтіндік хабарламалар мен материалдар, сондай мазмұндағы Интернет сайттарға сілтемелерге тыйым салынады.
  10. Өзін-өзі өлтіруге үндейтін не осы әрекеттің барысын сипаттайтын мәтіндік хабарламалар мен материалдарға тыйым салынады.
  11. Сайт әкімшіліктің рұқсатынсыз кез келген жарнаманы тарату, жариялау қатаң тыйым салынады. 

 

 

       «Қазақ газеттері» ЖШС

      интернет редакциясының веб-редакторы              С.Тайғарин