Біз туралы

«Қазақ газеттері» ЖШС-і туралы

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының заңды мұрагері болып табылады. Алғаш рет акционерлік қоғам 1999 жылғы 12 шілдеде тіркеуден өткен. (Заңды тұлғаның 1999 жылғы 12 шілдеде берілген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі 27390-1910-АҚ) Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 538 кос өкімі бойынша «Қазақ әдебиеті», «Ұйғур авази», «Ана тілі», «Қазақ елі» газеттері және «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Ақиқат», «Мысль» журналдары меншігі негізінде құрылған.
Кәсіпорын мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлік қоғам түрінде құрылды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты тіл, тарих, мәдениет және әдебиет, сондай-ақ рухани адамгершілік құндылықтар мәселесін көрсетіп отыратын мерзімдік басылымдарды қолдау болып табылады.
Кәсіпорынның бірден бір құрылтайшысы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті. Қоғамның хабарландырылған жарғылық капиталының көлемі 4 227160 теңгені құрады. Ол әрқайсысының номиналдық құны мың теңге болатын қарапайым атаулы 4227 данаға бөлінді. Оған берілген ұлттық дербес нөмір KZ 1С 45530003. Жарғылық капитал «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Ұйғур авази» республикалық газеттері мен «Жұлдыз», «Жалын», «Простор», «Ақиқат», «Мысль» журналдарының балансына жататын негізгі қаржылардың мүліктік салымы арқылы жасақталды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Қазақ газеттері жабық акционерлік қоғамы жөніндегі» Заңына сәйкес «Қазақ газеттері» мемлекеттік жарғылық капиталының жүз пайыздық үлесімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік меншік және жекешелендіру мемлекеттік комитетінің 2006 жылғы 18 мамырдағы бұйрығына сәйкес «Қазақ газеттері» ЖШС-і «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының күллі құқығы мен міндеттерінің заңды мұрагері болып табылады. «Қазақ газеттері» ЖШС-нің жарғылық капиталы 4 227000 (төрт миллион екі жүз жиырма жеті мың) теңге.
Қоғамның 4227 дана қарапайым акциялары жойылды.
Сөйтіп, «Қазақ газеттері» ЖШС-і екінші рет 2006 жылғы 1 маусымда заңды тұлға ретінде тіркеліп, № 78183 – 1910 – ЖШС куәлігіне ие болды. Жарғыға сәйкес серіктестік қызметінің негізгі түрлері баспагерлік, редакциялық қызмет, полиграфиялық өнімдерді жеткізіп, өндіру, тарату, ынталы ұйымдар мен тұлғалардың бәріне ақпараттық және жарнамалық қызмет көрсету болып табылады.
2008 жылғы 1 ақпанда Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрығымен серіктестік құрамынан Қазақстан Жазушылар одағына «Простор» журналы, «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциялары берілді.
2009 жылы 28 қаңтарда ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті серіктестікке қатысудың жарғылық капиталдың төленген жүз пайыздық мемлекеттік үлесін «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингіне» аударды. («Қазақ газеттері» ЖШС-нің «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингіне 2009 жылғы 28 қаңтарда аударған мемлекеттік үлесін қабылдау актісінің № 3)
Серіктестік құрылтайшысының ауысуы нәтижесінде заңды тұлға тіркеуден қайтадан өтіп, мемлекеттік қайта тіркеу жөнінде 78183 – 1910 –ЖШС куәлігін 2009 жылғы 20 маусымда алды. Сондай-ақ Серіктестіктің жарғысына өзгерістер енгізілді.
Үкімет шешімімен «Арна Медиа» ұлттық ақпарат холдингінің таратылуына байланысты «Қазақ газеттері» ЖШС-нің жарғылық капиталының 100 % мемлекеттік үлесі қайтадан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті иеленіп отыр.
Бүгінгі таңда «Қазақ газеттері» ЖШС-нің құрамына «Ана тілі», «Ұйғұр авази», «Экономика» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер» және «Мысль» журналдары кіреді.
Серіктестікті әр жылдары жазушы-журналистер Ж.О.Кенжалин (1999-2006ж.ж), М.Ә.Құлкенов (2006-2008ж.ж.), Б.Ж.Омаров (2008-2009ж.ж.) басқарды.
Қазіргі кезде «Қазақ газеттері» ЖШС-ін Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының және «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 20 жыл» медалінің иегері, саяси ғылымдар кандидаты, Қазақстан Журналистер Академиясының академигі Жұмабек Кенжалин басқарып отыр.