Ассалаумағалейкүм, құрметті «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың оқырмандары, тілектестер, сайт қонақтары! Менің жеке блогыма қош келдіңіздер дегім келеді. «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты алты басылымның да жеке-жеке сайттары бар. Олардың қызметі бүгінде төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі жанашырларымыздың игілігіне айналып отыр. Бізге айтар ұсыныс-сұрақтарыңыз, ой-пікірлеріңіз болса, тыңдауға әзірмін.