Мақалалар

almatytv

«Алматы» телеарнасы. Салмақты сөз бағдарламасы. Жұмабек Кенжалинмен сұхбат

«PR-ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ — 2017» серіктесі «ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ»

Jumabek  Omaruly Kenzhalin

«Бетпе-бет» бағдарламасы. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры-редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин

image-1

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

2017-1024x725

01-71

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!

02-18-1024x492

Jumabek-Kenzhalin-735x400

БАСПАСӨЗДІ ҚОЛДАУ — ЕЛДІК МҰРАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры — Редакторлар кеңесінің төрағасы, жазушы-журналист Жұмабек Кенжалин облыс әкімдігінде өткен кездесуде бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде мерзімді басылымдардың бүгінгі қоғамдағы рөлі, таралымы, насихатталуы турасында әңгімеледі.

Ол өзі басшылық ететін «Қазақ газеттері» серіктестігінің жұмысы, оған топтасқан мерзімді басылымдардың негізгі бағыттары, алдағы жұмыс жоспарлары мен қолға алынған жобалардың мақсат-міндеттері турасында да кеңінен түсіндіріп өтті.

— Дәл қазіргі жағдайда баспасөзді қолдау — ол елдік мұратқа қызмет ету деген сөз. Өйткені баспасөз қашаннан оқырманның жансерігі болып келе жатқаны ақиқат. Ақтөбелік оқырмандар үшін, жалпы батыс аймағы бойынша «Ана тілі» газеті Ақтөбе қаласындағы баспаханадан басылады. Ақтөбе — Батыс өлкесінің орталығы, астанасы іспетті. Сондықтан осы жерден біз газетті шығарып, еліміздің батысындағы 4 облысқа таратамыз. Бүгінде ұлт басылымының әр санында жазылатын тақырып та, көтеріп отырған мәселесі де көп. Әсіресе, Ақтөбе облысының төл проблемаларын біз ұдайы газет бетінде жариялап отырамыз. Газеттің алдағы санында Ақтөбеге қатысты жарияланатын проблемалық жобалар да бар. Сондай-ақ, «Қазақ газеттеріне» қарасты «Экономика», «Ұйғыр авази» газеттері мен «Ақиқат», «Мысль», «Үркер» журналдары да ақтөбеліктердің сүйіп оқитын басылымдарына айналуына мүдделіміз. Біз осы бағыттағы жұмысымызды ширата түсуге тиіспіз, — деді Ж.Кенжалин.

023A

Кездесу барысында ол «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі, белгілі журналист Жанғабыл Қабақбаевтың омырауына «Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар, облыста газеттер мен журналдардың насихатына үлес қосып жүрген бір топ ақтөбелікке алғысын білдіріп, арнайы дипломдарды табыс етті. Елімізде мемлекеттік тілдің дамуына, ұлтаралық келісімнің нығаюына, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өсіп, өркендеуіне ұлтжанды азамат ретінде қолдау көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болып, оқырмандар санын көбейтуге қосқан үлесі үшін марапатталғандардың қатарында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мадьяр Қабыл, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төралқасының мүшесі Роман Рахиев, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Бақтыгүл Әбиева, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының мерзімді басылымдарға жаздыру және тарату бөлімінің басшысы Сағира Шалабаева, сондай-ақ Алға, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау секілді бірқатар аудандардың басшылары мен өкілдері бар.

Кездесу соңында Жұмабек Кенжалин  алдағы уақытта осы өңірде баспасөзге жазылушылар фестивалін өткізу турасында ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында сөз алған Ж.Қабақбаев бүгінде Алматы мен Астана қалалары, еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда «Ана тілі» газетінің ақтөбелік оқырмандары саны жағынан көптігімен осымен алтыншы жыл алда тұрғанын айтты.Jumabek Kenzhalin-1

Арайлым НҰРБАЕВА,

Ақтөбе облысы.