Кітаптар

Елжандылық мұраты және баспасөз беделі

Елжандылық мұраты және баспасөз беделіКенжалин Жұмабек.
К 21 Елжандылық мұраты және баспасөз беделі: монография,«ҚАЗақпарат », 2016. 290 бет.

Саяси гылымдар кандидаты Жүмабек Кенжалиннің бұл монографиясында еліміздегі азаматтардың бойында елжандылық  пен отансүйгіштік касиетті қалыптастыру бағытындагы бұкаралықи ақпарат кұралдарының ізденістері мен іркілістері талданады. Осы ыңгайда казақ  баспасөзі тарихындагы атқарылган істер нақты деректер негізінде баяндалады.
Еліміздің акпараттық кеңістігіндегі шешуін күткен өзекті мәселелер мен оң тәжірибелер туралы автордың толғамды пікірлері оқырманды ойласуга шакырары сөзсіз.
Монография зиялы кауым өкілдеріне, гылыти ортаға, студент-жастарга, сондай-ақ коғам  өміріне бей-жай карай алмайтын зерделі жүрек азаматтарга арналады.

Қалам қанаты

Қалам  қанатыКенжалин Жұмабек.
К 30 Қалам қанаты: Эсселер, ой-толғамдар,байыптамалар. «Ана тілі »  баспасы, 2014.384 бет.

Кітапта қаламгердің бүгінгі замандастарымыздың ел тәуелсіздігінің тұғырлы бола түсуіне қосып  жатқан үлесі туралы ой-толғамдары топтастырылған. Автор, әсіресе, ұрпақтар сабақтастығының алтын соқпағының қадір-қасиетін жете білу қажеттілігі хақында оқырмандармен ой бөліседі. Ағалар дәстүріне адалдық, отансүйгіштік пен елжандылық төңірегіндегі туындылары көзіқарақты оқырманның көкірегіндегі ойды дөп басары сөзсіз.
Кітап көпшілік қауымға арналған.

Желкілдеп өскен құрақтай

Желкілдеп өскен құрақтайКенжалин Жұмабек.
К 30 Желкілдеп өскен құрақтай: Очерктер.— Алматы: Өнер, 1988.—152 бет.
Бұл кітапқа Бүкілодақтық конкурстардың және творчестволық жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанттары мен лауреаттары жайында жазылған көркем очерктер еніп отыр. Дұнған суретшісі М. Паншаев, «Гүлдер» ансамблінің солисі М. Жүнісова, архитектор С. Мартемьянов, «Мұрагер» фольклорлық-этнографиялың ансамблінің ұйымдастырушысы, күйші Ә. Райымбергенов және т. б. талантты жастар туралы жан-жақты баяндалады. Автор көп ұлтты Қазақстан өнерінің жас буынының творчестволық ізденістерін, олардың үлкен мақсат жолындағы табыстары мен көкейкесті проблемаларын бетбұрыс кезеңінің талабына сай көрсете білген.
Кітап Ленин комсомолының 70 жылдығына орай шығарылған.

Шындықты шырақ етіп ұстаңыз

Шындықты шырақ етіп ұстаңызКЕНЖАЛИН Жұмабек К 30 Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: (Байыптамалар, деректі әңгімелер, очерктер).— Алматы Қазақстан 1998 — 239 бет.
ISBN 5-6667-56467-х
Қітапқа ұзақ жылдар баспасөз саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан автордың деректі туындылары топтастырылған. Алғашқы бөлімге бүгінгі замана сырына үңілсек деген ойды қазық еткен туындылар енгізіліп отыр. Жекелеген тұлғалардың монологы, әңгіме-сұхбаттары арқылы уақыт және қазіргі заман төңірегіндегі өзекжарды мәселелер оқырман назарына ұсынылады. Өткенді ардақтау ұрпақ парызы десек, тарихи тұлғалар туралы толғаныстар, олардың болмыс-бітімі хақындағы ой жосық екінші бөлімге өзек болған. Кітаптың соңғы бөлімі қарапайым ғана еңбегімең ел абыройын әспеттеуге үлес қосып жүрген азаматтар туралы деректі әңгімелерге арнаған. Бірі — қүрылысшы, бірі — тігінші, бірі — спортшы — әр түрлі мамандық иелерінің ортақ іске иненің жасуындай болса да лайықты үлес қоссам деген  ізгі ниеті әсерлі баяндалады.
Қалың оқырман қауымға арналған.

Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз

Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпызКенжалин Жұмабек.
К 30 Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. — Алматы, «Өлке» баспасы, 2005, — 160 бет.
«Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры — Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалиннің бұл кітабында еліміздегі азаматтардың бойында елжандылық пен отансүйгіштік қасиетті калыптастыру бағытындағы бұқаралық акпарат күралдарының ізденістері мен іркілістері талданады. Осы ыңғайда қазақ баспасөзі тарихындағы атқарылған істер нақты деректер негізінде баяндалады.
Еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі шешуін күткен өзекті мәселелер мен оң тәжірибелер туралы автордың толғамды пікірлері оқырманды ойласуға шакырары сөзсіз.
Кітап зиялы кауым өкілдеріне, студент-жастарға сондай-ақ коғам өміріне бей-жай карай алмайтын зерделі жүрек азаматтарға арналады.

Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері

Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелеріКенжалин Жұмабек Омарұлы К 30 Саяси менеджмент және баспасөздің жұртшылықпен байланыс мәселелері: оқу құралы. — Алматы: Тоғанай Т., 2010. — 184 бет.
ISBN 978-601-289-012-9
Оқу құралында бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық саяси өмірде атқарып отырған рөлі сарапталып, баспасөздің саяси менеджменті мен бұқарамен байланыс орнату жолдары, механизмдері мен саяси технологиялары жан-жақты түсіндіріледі. Әсіресе, саяси менеджменттің мән-маңызы ашылып көрсетіліп, оның бұқаралық ақпарат құралдарын демократиялық құндылыктарға бейімдеу мен нарық жағдайына сай ұйымдастыру мөселелері терең зерделенеді. Оқу қүралының тағы бір ерекшелігі — қазақ баспасөзіндегі заманауи өзекті мәселелерге орайлас жинақталған тәжірибелер мен проблемалар бірқыдырау көрініс тапқан.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, сонымен бірге саясаттану мәселелерімен айналысып жүрген сарапшылар мен кәсіби мамандарға арналған.