Сұрақ-жауап


 Имя *
 E-mail *
 Сайт
 Текст *
* Обязательно

Защита от спама
Вводите пожалуйста комбинации букв или цифр в текстовое поле перед отправкой записи в гостевую книгу
1 + 6=

(69)
>
(69) Нұрмат
19.07.2017 17:43:25
email

Жақында «Қазақ газеттеріне» қарасты «Мысль» журналы Елбасының Алғыс хатымен марапатталды . Бұл қаламгерлер үшін үлкен жетістік, зор мәртебе. Шығармашылық табыс биігінен көріне беріңіздер деген тілегімізді арнаймыз. Мадақ пен марапатқа деген Сіздің көзқарасыңыз?

(68) Жұмабек Кенжалин
18.07.2017 14:51:01
email

Алиханға,
Бұл енді бұрынан болып келген. Өйткені белгілі бір жағдайда сол оқиғаны, хабарды беру бірінші кезекте жедел беру болса,екіншіден рейтинг көтеру мақсатында жұмыс жасайды.Танымдылығын арттыру үшін айла-шараларды қолдана отырып түймедегіні түйедей ғып көрсетуі ықтимал.Сондықтан ақпаратты жедел таратуды көздейді және сол толқында әрмен қарай кете береді.

(67) Алихан
18.07.2017 14:07:11
email

Жұмабек аға, қазіргі оқырмандар көбінесе шоу төңірегіндегі, жеңіл желпі, көңіл көтеретін ақпаратты немесе сары басылымды көбірек іздейтін сияқты. Бұл пікірге Сіздің алып қосарыңыз?

(66) Жұмабек Кенжалин
18.07.2017 14:06:33
email

Еркебұланға,
Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті үлкен бір жұмыс атқарып отыр. PR-Жазғы мектебіне жоғары сыныпта оқып жүрген я болмаса мамандығы басқа , бірақ журналистиканы жүрегімен қалайтын ынта-ықыласы бар адамдардың қатысуына болады.

(65) Еркебұлан
14.07.2017 17:19:12
email

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетімен бірлесе ұйымдастырылған «PR-Жазғы мектебіне» тек журналистер қатыса ма?

(64) Жұмабек Кенжалин
14.07.2017 17:15:01
email

Асан Нұрматқа,
Бірден басын ашып айтуға болады. Интернеттің де, газет-журналдардың да өмір сүру қабілеті әрмен қарай дами береді. Өйткені газет-журналдардың сараптамалық, талдамалық,ғылыми негізделген материалдары мен бірнеше жанрлық ерекшеліктері бар. Ал әлеуметтік желі - ол бүгінгі, күнбе күнгі ақпарат, дәл бүгінгі жаңалықтарды жеткізудің құралы болып табылады. Бүгінгі заманның талабына, уақыттың талғамына сәйкес интернеттік хабар беру әлеуметтік желідегі мәселелердің өзіндік жағы бар. Газеттер мен журналдарда жарияланатын мақалалардың өзіндік орны бар. Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты тез қабылдап, тереңірек, байыптап зерттелген материалды газеттен оқи аласыз.

(63) Асан Нұрмат
14.07.2017 17:13:15
email

Жұмабек аға, мен Файсбук әлеуметтік желісінде сіз басқарып отырған серіктестікке қарасты әр басылымға тіркеліп қойғанмын. Газет-журналдарда жарияланған материалдарды интернет арқылы оқып отырамын.Қазір өзекті де керекті материалдарды іздеп оқу тез, әрі жылдам. Осылай жалғаса берсе, газет - журналдардың болашағы қандай болар екен? Жабылып қалмас па екен дегенім ғой...

(62) Ж. Кенжалин
1.07.2017 15:11:03
email

Риза Есжановаға,
Қазір заман ілгерілеп, жаңа мамандықтар да пайда болуда және оларға деген сұраныс та артуда. Сондықтан интернет журналистиканың болуы, әрине орынды. Ал блогер мамандығына келер болсақ, бұл заманға сай пайда болған жаңа мамандық. Оны да жоққа шығаруға болмас. Блогерлікке көбінесе жастар барып жатыр. Ендеше оларға сәттілік тілейік.

(61) Ж. Кенжалин
1.07.2017 15:09:07
email

Әдия Сағиқызына,
Бұл мәселе біраз жылдан бері айтылып келеді. Қандай қиын қадам болса да, осы латын әліпбиіне бірте-бірте көшуді бастағынымыз жөн деген ойдамын. «Көз қорқақ, қол батыр» деген мақал бар. Неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым нәтижесі де ойдағыдай болмақ.

(60) 2. Әдия Сағиқызы
30.06.2017 15:31:30
email

Латын әліпбиіне көшуге көзқарасыңыз қандай? Еліміз осы қадамға дайын ба?

(59) 1. Риза Есжанова
30.06.2017 15:30:38
email

Қазір интернет журналистика, блогер деген сияқты жаңа ұғымдар, мамандықтар бар. Интернет-блогер мамандығы қаншалықты сұранысқа ие және ол қажет пе? Осы сұраққа жауап берсеңіз.

(58) Ж Кенжалин
26.06.2017 18:08:17
email

Ернарға, Сұрағыңыз орынды. Бүгінгі заман үнемі ілгерілеу, саннан сапаға өту заманы ғой. Сондықтан болашақ журналистердің білігі мен білімін ұштау, олардың ақпараттық кеңістіктің қыры мен сырына тереңірек бойлауына жетелеу біздің міндетіміз. Жас журналистердің жаңа мүмкіндіктерге ие болуына жол ашу парызымыз. Жазғы мектепте осы мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Жастардың республикалық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесуінің өзі бір үлкен шаруа ғой. Тағлым мен тәрбие дегеніңіз де осы жазғы мектепте кеңінен қозғалды.

(57) Ж Кенжалин
26.06.2017 18:07:44
email

Айнұрға, Уақыт өткен сайын ақпараттық кеңістікте әлеуметтік желілердің күш алып келе жатқаны жасырын емес. Соған қарап газеттер мен журналдар қатардан шығып қала ма екен деген де кейбір азаматтардан ойлар бары рас. Меніңше газеттің де, журналдың да сонымен қоса әлеуметтік желілерді қамтамасыз етіп отырған ақпарат құралдарының әрқайсысының өзіндік орны бар. Олар бірін-бірі толықтырады. Сонымен қоса, мәселен, ақпараттық майданда газет сөзі шындықтың көзіндей боп саналатыны тағы рас. Өйткені, газет-журнал беттеріндегі әрбір мақала толық зерттеліп, ой елегінен өтіп жарық көреді.

(56) Ж Кенжалин
26.06.2017 18:06:40
email

Бағдатқа, Әрине, басталған іс баяндылығымен құнды. Қазақ баспасөзінің жаңа дәуірдегі бет-бейнесін, оның әлеуетін мүсіндейтін шығармалар жазсам деймін. Ал оған азық боларлық деректер мен дәйектер жетіп артылады.Тек бір ғана замандастарымыздың уақыт талабына сай жасап жатқан жанқиярлық еңбектерінің өзі талдап, таразылап көрсетуге жетеді ғой.

(55) Ернар
25.06.2017 14:19:33
email

Жақында сіздер Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетімен бірлесіп Жазғы мектеп семинар-конференциясын ұйымдастырдыңыздар. Насихаты өте жоғары болғаносы жиыннан қандай нәтиже күтесіз?

(54) Айнұр
24.06.2017 12:01:18
email

Қазақ газеттеріне қарасты газеттер мен журналдар негізінен аудандарда ауылдық жерлерде көп оқылатын секілді. Қазір осы газеттерді қала тұрғындарының көбірек жаздырып алуына байланысты не істеу керек деп ойлайсыз?



(53) Бағдат
23.06.2017 12:00:36
email

Жақында сіздің "Елжандылық мұраты және баспасөз беделі" деп аталатын кітабыңыз қолыма тиді. Кітапта еліміз ақпарат құралдарының, оның ішінде ұлттық басылымдардың өсіп өркендеу жолдарына баға беріпсіз. Енді осы кітаптағы ойларды әрі қарай дамытатын жаңа шығармалар жазу ойыңызда бар ма?

(52) Ж Кенжалин
11.02.2017 09:48:53
email

Мәрзияға, Бала тәрбиесіне отбасы жауапты. Ата-ана, ата-әже барлығы да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тәрбиедегі жауапкершілікті бір ғана мектеп пен балабақшаға жүктеп қоюымыз үлкен қателік. Бала тәрбиесі дұрыс болуы үшін ең бірінші баланың отбасындағы әке мен шеше, ата мен апа «тәрбиесі» дұрыс болуы шарт. Өйткені, бала осы адамдарға қарап өседі, бой түзейді, үлгі алады. Отбасындағы қарым-қатынас жақсы болса, сыйластық, жарасымдылық орнаса, оның мінез-құлқы, бір сөзбен айтқанда жан дүниесі де жайлы болып қалыптасады. Түсініспеушілік, ұрыс-керіс жиі болатын жанұяда бала қандай тәрбие алмақ? Отбасы мүшелері осыны да ескерусіз қалдырмағаны жөн. Өзім әке, ата ретінде балаларыма осыны жиі айтамын. Ең бастысы – бірлік . Отбасы – шағын мемлекет. Отбасының әр мүшесі шаңыраққа шуақ, шаттық әкелуге ұмтылуы қажет. Отбасы мүшелері осы қағиданы ұмытпаса, тәрбие дұрыс болады.



(51) Мәрзия, Қаскелең қаласы
10.02.2017 09:45:30
email

Құрметті Жұмабек аға! Сіз де ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-анасыз, немерелеріңіз де өсіп келе жатыр. Жалпы бала тәрбиесіне бірінші кезекте кім жауапты деп ойлайсыз? Осы тұста Сізді де толғандыратын мәселелер аз емес болар?



(50) Ж Кенжалин
9.02.2017 09:44:05
email

Медетке, Жаңа жылға жоспарлап қойған істерімізді біртіндеп іске асыруды қолға алып жатырмыз. Тұрақты оқырмандарымыз көп. Жаңа оқырмандар да қосылуда. Ең басты мақсатымыз және жоспарымыз сапалы қызмет ету, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысу. Жастар көбіне ғаламтордағы ақпаратқа жүгінгенімен, газет, кітап оқуды мүлдем қойып кетті деп айта алмаймыз. Өйткені бес саусақ бірде болмайтындай, қазіргі жастарымыз да сан-алуан. Мысалы бізге үнемі хабарласып, басылымдарымызға мақала, өлең жариялап, өздері де тұрақты оқырман болып жүрген жастар өте көп. Сондықтан жастардың барлығына бірдей мін тағып, күйе жаға алмаймыз. Баспасөзге жазылу деңгейін жақсартуға бар күш-жігерімізді салудамыз. Біздің серіктестік ұжымын қолдап отырған оқырмандарымызға алғыс айтамын. Оқырмандар қатары толастамаса, азаяды деп ойламаймыз.



>