Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Мамыр, 2020

Вокзалға тек билеті бар азаматтар ғана кіретін болады

1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. «Бас санитар дәрігер шешімімен 1 маусымнан бастап вокзал ғимаратына жол жүру билеті бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Мұнда вокзалдар әкімшілігі жолаушыларға билетті онлайн түрде сатып алуға кеңес береді. ҚТЖ сайты мен 14 интернет ресурстан, қызмет көрсету терминалдарынан билет алуға болады», - дейді «ҚТЖ» ҰК АҚ Вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану бойынша атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев. Әзірге бас санитар дәрігер шешімімен шығарып салушыларға вокзалға кіруге тыйым салынды. Бұл мәселе эпидемиялық жағдайға байланысты болады. Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап, жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады. 15 мамырда билет сатылымы басталып, 23 мыңнан астам билет сатылды.

653 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз