Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктің жұмысы қайта тоқтай ма?

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмысы қайта тоқтауы мүмкін.Елордалық әкімдік қызметкерлері қазіргі уақытта астанадағы автобус қызметін бұрынғы лектің үштен бірі ғана қолданып жүргенін және санитарлық нормалар сақталмаса, қоғамдық көлік қозғалысы қайта тоқтауы мүмкін екендігін мәлімдеді. ⠀ Шенділердің сөзінше, COVID-19 вирусының таралу қаупі әлі де жоғары. Сол себепті көлік бақылау қызметінің мамандары күн сайын тексеріс жүргізіп, жүргізушілер мен жолаушылардың санитарлық нормаларды сақтауын қадағалауда. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, бас шаһарда қоғамдық көлік 12 мамырдан бері қайта көшеге шығып, 6:00-ден 22:00-ге дейін қызмет етеді. Автобустардың барлығы іске қосылғанмен, жолаушы саны үш есе азайды. Қалааралық бағытта қатынайтын көліктердің қозғалысына әлі рұқсат берілген жоқ.

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз