Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Мамыр, 2020

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды

Халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті Telegram боты арқылы брондауға болады.

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚО-ға кезекті брондау әдісі көбейтілді. Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығында, сондай-ақ eGovKzBot2.0 Telegram ботының көмегімен брондайды.

«Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады», делінген хабарламада.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы SMS хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 Telegram боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлды тексеру, медициналық мекемелерсінен анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚО-лар қызметіне қайта кірісе бастаған өңірлерде ғана істейді.

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз