Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Еуразия ұлттық университеті енді спорт журналистерін дайындайтын болады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіміздің Журналистика және саясаттану факультетіне Спорт журналистикасы білім бағдарламасының қабылданғаны жөнінде сүйінші хабар келді. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Дүрәлі Дүйсебай өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті. «Бұған дейін факультет кәсіби журналист дайындап келсе, бұдан былай кәсіби спорт журналистерін де дайындайтын болады. Бұл білім бағдарламасы бойынша болашақ спорт журналистері тек спорт журналистикасының қыр-сырын ғана оқып қоймайды, сонымен қатар денешынықтыр мен спорттың теориясы мен практикасын, спорт түрлерін, спортшылардың өсіп-даму, қалыптасуы туралы да осы сала бойынша белгілі мамандардан төрт жыл бойы дәріс алады. Спорт индустриясындағы маркетинг пен менеджментті, жалпы спорттағы PR саласын, спорттағы және спорт журналистикасындағы тұлғалардың тәлімдік тәжірибелерін де бойға сіңіріп өседі. Яғни төрт жыл бойы спортты да жан-жақты біліп, спорт журналистикасының жанрлары мен қызмет ету аяларын да толық зерттеп, зерделеп, оқып, кәсіби спорт журналисі болып шығады. Сонымен...
  1. Оқуға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар: Бакалавриатқа қабылдау Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білімі бар азаматтар мен ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша (журналистика, дизайн, сәулет, дене шынықтыру және спорт бағыттары үшін) жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. ҰБТ, екі шығармашылық емтихан тапсыру, спортқа бейімділігі және спорт саласын қаншалықты білу қабілеттілігі.
  2. Бұрын алған білімді тануға арналған және бейресми білім алушылар нәтижесінің ерекше шарттары: Бұдан бұрын алған білімді тану шарттары университеттің ішкі нормативтік құжаттары аясында жүзеге асырылады. Бейресми білім беру нәтижелерін растайтын құжат – оқуды аяқтау туралы сертификат немесе оқуды бітіру туралы куәлік. Егер спортқа қатысты білімі, спорттық дәрежесі болса, оқуға түсуде басымдық беріледі.
  3. Дәреже беру талаптары мен ережелері: Оқудың барлық кезеңдерінде, студенттің оқу түрлерінің бәрін қоса алғанда, кем дегенде 240 академиялық кредитті игергендерге және қорытынды аттестацияны сәтті аяқтағандарға «бакалавр» дәрежесі тапсырылады және жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын игерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» дәрежесі беріледі.
  • мүмкіндігінше спорттық дәрежесінің болуы.
  • мүмкіндігінше спорттық жарыстарға қатысуы, алған марапат қағаздарының болуы.
  • мүмкіндігінше спорттық білімінің болуы.
  1. Түлектердің кәсіби бейіні: Түлектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), баспасөз орталықтарында, баспасөз қызметтерінде, Мәдениет және спорт министрлігінде, аталған министрліктің тиісті аумақтық органдарында (өңірлік, облыстық, аудандық, ауылдық), Ұлттық олимпиада комитетінде, спорт мекемелерінде, спорт федерацияларында, спорт клубтарында, стадиондар мен спорт кешендерінде маман ретінде қызмет атқара алады.
Болашақ кәсіби атаулары: - Спорт комментаторы; - Спорт тілшісі; - Спорт репортері; - Спорт шолушысы; - Спорт менеджері; - Спорт агенті; - Спорт сарапшысы; - Спорт тарихшысы; - Спорт шежірешісі; - Спорт саласындағы PR-сарапшы; - Спорт бағдарламаларын жүргізуші; - Спорт федерациясының баспасөз хатшысы. Түлектердің кәсіби бейініне қосымша қызмет аясы:
  • Спорт телеарналары;
  • Спорт радиохабарлары;
  • Спорт газеттері мен журналдары, сайттар;
  • Мәдениет және спорт министрлігі;
  • Ұлттық олимпиадалық комитет;
  • Спорт клубтары;
  • Спорт федерациялары;
  • БАҚ-тағы спорт бөлімшелері;
  • Мемлекеттік емес ұйымдар.
Мұндай мамандық әзірге Қазақстанда жоқ. Ресейдің өзінде екі-үш оқу орнында спорт журналистерін әзірлейді. Енді биылдан бастап Спорт журналистикасы мамандығына талапкерлер қабылдана бастайды. Нағыз кәсіби спорт журналисі болам деген талапкерлерге есік ашық.  

1098 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз