- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Мамыр, 2020
Қытайда коронавирус қайта өрши бастады

Қытайда COVID-19 қайта өрши бастады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта 100 млн-нан астам адам карантинге жабылған.
⠀
Билік елдің солтүстік-шығысында қатаң шектеу шараларын енгізген көрінеді. Цзилинь провинциясында автобус және теміржол қатынасы уақытша тоқтап, мектептер жабылған. Агенттік мәліметінше, онда 34 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
⠀
Цзилинь провинциясындағы қалалардың бірінде індетке шалдыққандар анықталған тұрғын үй кешендерінің барлығын карантинге жабу туралы шешім қабылданған. Тек отбасының бір мүшесіне ғана азық-түлік алу үшін шығуға рұқсат беріліп отырады. Онда да әр екі күн сайын екі сағатқа ғана шығуға болады.
⠀
Сонымен қатар, өңірде бірқатар жеткізу қызметтері жабылып, дәріханаларда туберкулезге қарсы дәрілерді сатуға тыйым салынған. Басылымда бұл адамдардың індет симптомдарын жасырмауы және өзін-өзі емдемеуі үшін қажет деп жазылған.

479 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Мақтаарал. Топан сумен ағып келген балықтар жеуге жарамсыз
Келесі мақала
Мақтааралда балаларға психологиялық көмек көрсетілуде
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *