Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Мектептегі соңғы қоңырау онлайн соғылады

Қазақстан мектептерінде 25 мамыр күні 1-10 сыныптар үшін оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. ⠀ Оның айтуынша, оны әр сынып жетекшісі өзі өткізуі тиіс, оған ата-аналар мен қонақтар шақырылуы мүмкін. Демек, шақырылған қонақтармен онлайн түрде кездесу ұйымдастырылып, оқушыларға құттықтау сөздері айтылады. ⠀ Ал 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шаралары мен соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп ауласында ашық аспан астында өткізіледі. Бір мектепте бірнеше 11-сынып болған жағдайда іс-шараны әр сыныпқа жеке-жеке ұйымдастыру ұсынылды. ⠀ Алайда, шарада барлық санитарлық талаптар қатаң орындалуы тиіс. Оның ішінде оқушылар арасында 1,5-2 метр қашықтық сақталуы қажет. Түлекпен бірге 1 немесе 2 адамның (ата-анасы) келуіне рұқсат беріледі. Қатысушылардың барлығына бетперде киіп келу де міндеттелген. ⠀

1064 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз