Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Шаруалардың несиесін кейінге шегеру қалай жүргізіледі?

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шаруалар мен фермерлердің несиесін шегеру жұмыстары туралы айтып берді. «Қазіргі уақытта бұл жұмысты «ҚазАгро» компаниясы мен оның еншілес ұйымдары жүргізіп жатыр. Нақты айтар болсақ, 7,9 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды. Яғни, осы сомадағы несиелер кейінге қалдырылды», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, министр несиені кейінге қалдырудың қалай рәсімделетінін түсіндірді. «Кейінге қалдыру мәселелерін талқылау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «ҚазАгроның» еншілес компанияларына жүгінуі тиіс. Бұл - Агронесие корпорациясы, Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау қоры және «ҚазАгроҚаржы». Ұзарту мерзімі бойынша әр шаруашылық жеке қаралады», - деді Сапархан Омаров.

952 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз