Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Алматы тауларында сырғыма жүру қаупі бар

[caption id="attachment_100934" align="alignnone" width="1498"] Фото: Досжан Балабекұлы/Kazgazeta.kz[/caption] Өткен тәулікте жауын-шашынның түсуіне және "Қазгидромет" РММ 2020 жылғы 18 мамырындағы №2 дауылды ескертуіне байланысты мамыр айының 19 мен 22-сі аралығында Алматы қаласының тау бөктерлерінде сырғыма жүру қаупі бар. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің инстаграм желісінде хабарланды.  Осыған байланысты, қаламыздың таулы аймақтарында тұратын тұрғындардан су желілері мен кәріз шұңқырларды пайдалану кезінде сақ болуды, су желілерінде ақаулар пайда болған жағдайда суды өшіруді және оларды қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қабылдауды сұраймыз. Сырғымаға қауіпті кезеңде тау-беткейлі учаскелерде жер жұмыстары мен басқа да жұмыстардан бас тарту қажет. Досжан Балабекұлы

1526 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз