Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне тауар таратудың ортақ желісін құруды ұсынды

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне тауар таратудың ортақ желісін құруды ұсынды. «Бүкіл әлемде дағдарыс жағдайында сатып алушы сұранысы төмендеп, кәсіпорындар жабылады, тарихи көлік байланыстары үзіледі. Мұндай кезде көлік-логистикалық қызметтерді дамыту қажет. Елдеріміз географиялық тұрғыда оңтайлы орналасқан. Алайда, қолда бар әлеует әлі жүзеге асырылған жоқ. Бұл жұмыстар аясында біз ұлтүстілік тауар өткізу жүйесін құруға кірісіп кеттік. 2020 жылға қарай ол 24 көтерме-тарату орталығынан тұратын болады», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шамамен 5 млн тонна агроөнімді сақтауға, өңдеуге және таратуға мүмкіндік береді. «Одақтың мүдделік танытатын елдеріне тауар таратудың ортақ желісін құру мүмкіншілігін қарастыруды ұсынамын. Сонымен қатар Одағымызға мүше мемлекеттерге бұл бастамаға инвесторлар, мердігерлер, пайдаланушылар ретінде белсенді қатысуды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

1154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз