Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2020

Қазақстанда "Көше партиясына" тыйым салынды

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты 2018 жылғы 13 наурызда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (бұдан әрі - "ҚДТ") қозғалысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында оның қызметіне тыйым салумен экстремистік ұйым деп таныды. ⠀ "2019 жылғы желтоқсаннан бастап тыйым салынған "ҚДТ" көшбасшылары оның атауын "Көше партиясына" өзгерту жөнінде шаралар қабылдады. Бұл жаңа атаумен "ҚДТ" экстремистік әрекетін жалғастыру үшін және жауаптылықтан жалтару мақсатында жасалған. Аталған мән-жайлар Ішкі істер министрлігімен жүргізілудегі «ҚДТ» экстремистік әрекетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзінің объектив растауын тапты", - делінген мәлімдемеде. ⠀ Алынған материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша сарапшылар "ҚДТ" "Көше партиясы" қозғалысына өзгергені туралы қорытындыға келіпті. ⠀ "Экстремизмге қарсы іс-қимыл шеңберінде прокуратура "ҚДТ" атауын «Көше партиясы» қозғалысына өзгерту фактісін анықтау туралы сотқа арызбен жүгінді. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 19 мамырдағы шешімімен аталған арыз қанағаттандырылды", - делінген мәлімдемеде. ⠀ Сот "ҚДТ" өз атауын "Көше партиясына" өзгерткенін және олар бір экстремистік ұйым екенін анықтаған. ⠀ Сот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Көше партиясы" деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату жолымен "КДТ" қызметіне тыйым салды. ⠀ Азаматтық процестік кодекстің 243-бабына сәйкес соттың аталған шешімі дереу орындалуға жіберілді.

1008 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз