Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Мамыр, 2020

Коронавирусқа қатысты тексеруден кімдер тегін өтеді?  

Мемлекет COVID-19 инфекциясына ПЦР әдісімен анализ алуға 5,4 млрд теңге қаржы бөлді. Бір тестің бағасы шамамен 11,5 мың теңге тұрады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады. Филиал мәліметінше, зерттеуге бөлінген қаражаттың 1,7 млрд теңгесі стационарларға, 3,7 млрд теңгесі – консультативтік-диагностикалық көмек көцрсететін емханаларға берілмек. Пациенттер аталкғкан емдеу мекемелерінде тесті тегін тапсыра алады. Тексеруден тегін өтетін санаттар:
  • COVID-19 инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен провизорлық стационарға жатқызылған пациенттер;
  • Өткір респираторлық жұқпалы ауру мен пневмония белгілері анықталған азаматтар;
  • Коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар;
  • Жоспарлы түрде стационарға жатып емделетін пациенттер;
  • Тыныс жолдары, эндокриндік және жүрек-қан тамыры жүйелері ауруына байланысты динамикалық бақылауға алынған, жасы 50-ден асқан пациенттер;
  • Шетелден келгендер;
  • ІІМ-нің жұқпалы аурудың алдын алуға жұмылдырылған қызметкерлері;
  • Жүкті әйелдер және т.б.
Хабарламаға сүйенсек, қазір «Ұлттық сараптама орталығы» үйде карантинде отырғандарды; арнайы контигент (ауру жұқтыру қаупі жоғары және респираторлық сырқат белгілері бар медицина қызметкерлері, эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қарттар үйі, интернат пен өзге де арнайы мекемелердің тұрғындары) пен әскерге шақырылған азаматтарды ПЦР-тексеруден өткізіп жатыр. Тест орталық қаражаты есебінен тегін жасалады. «Аймақтарға берілетін тест санын жергілікті атқару органдары анықтайды. Қазіргі таңда 600-ден астам медицина ұйымымен COVID-19 вирусына қатысты зерттеу жұм ыстарына қатысу туралы келісім бекітілген», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, коронавирустың таралуына жол бермеу шараларына республика бюджетінен 55,9 млрд теңге бөлінді. Қаржының операторы – Медициналық сақтандыру қоры. Оның 14,7 млрд теңгесі – инфекциялық, провизорлық және кароантиндік стационарларда жатқан пациенттерді емдеуге, 35,8 млрд теңгесі – вирустың таралуына қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге, 5,4 млрд тиеңгесі – диагностикалық зерттеулерге (ПЦР-тест) жұмсалды.  

673 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз