Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Мамыр, 2020

Соңғы аптада коронавирус жағдайлары неліктен көбейгені белгілі болды

Соңғы аптада коронавирус жұқтыру қарқыны 15 пайызға көбейген. Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова брифингте айтты. Коронавирус жағдайларының көбеюінің өзіндік себептері бар. Бірінші – тестілеу көлемінің өсуі. Наурыз айымен салыстырғанда күнделікті тестілеу саны 6 мыңнан 23 мыңға көбейген. Екінші себебі – жұмыс орындарында қызметкерлердің вирусты жаппай жұқтыруы. Үшінші себебі – науқастардың медициналық көмекке өздерінің жүгінуі. Соңғы күндері коронавирус симптомдары бар науқастардың көбісі дәрігерлерге өздері жүгінген. Бір апта ішінде олардың саны 40 пайызға артқан. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарының тұрғындары медициналық көмекке өздері жүгінген.

715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз