Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Мамыр, 2020

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. «Құрметті əріптестер! Сіздерді мəдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл - халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн. Бұл - қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашының, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр жəне опера əртісінің, өңірлерлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп, алғаусыз алғыс айтатын кəсіби мереке. Бүгінде технологияның ілгерілеп, кешегі ақпараттың мəн-маңызы бəсеңсігеніне қарамастан, рухани жауһарларымыз бен мəдени құндылықтарымызды мəйек етіп қана əлемдік қауымдастық алдында егемен еліміздің абыройын үстем ете аламыз.Осы орайда жауапты қызметтің қазанында қайнап жүрген Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табандылық пен толайым табыс тілеймін» делінген министрдің құттықтау хатында.

1421 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу құны белгіленді
Келесі мақала Техникалық құжатсыз автобөлшек сатуға тыйым салынуы мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *